Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Псевдокоучтар мен блогерлерге тықыр таянады

Псевдокоучтар мен блогерлерге тықыр таянады

Заң мен тəртіп 04.12.2025, 17:30 331
Псевдокоучтар мен блогерлерге тықыр таянады
интернеттен

Қазақстанда әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда жарияланатын білім беру және оккульттік мазмұнды міндетті түрде белгілеу туралы бастама көтеріліп отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл түзетулер Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасына енгізілген.

Заң жобасы "Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" заңның 16-бабын толықтырған. Осыған сәйкес, кез келген салаға байланысты оқыту курстары немесе білім беру материалдары жарияланса, мұндай контентте міндетті түрде автордың білімі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Ол – диплом немесе сертификат жөніндегі мәліметтер. 

Құжатта "Оқыту материалдарын орналастыру кезінде автордың білімі туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс" деп анық жазылған.

Егер аталған талап орындалмаса, жарияланған материал заңбұзушылық болып танылады. Яғни блогерлер, коучтар және кез келген оқыту курстарының авторы өзінің кәсіби біліктілігін ашық көрсетуге міндеттеледі. 

Заң жобасында оккульттік қызметтер немесе онымен ұқсас басқа қызметтер туралы ақпаратты қамтитын контент таратылса, мұндай материал міндетті түрде тек көңіл көтеру мақсатында жасалғанын және ғылыми немесе практикалық растамасы жоқ екенін көрсететін ескертумен жариялануы керек. Құжатқа сәйкес "Оккульттік практикаларға қатысты материалдар орналастырылған кезде олардың сипаты туралы ескерту беріледі" делінген. Бұл осындай контент міндетті белгімен жариялануға қажет дегенді білдіреді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коуч
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды

Бүгін 10:15

Иран үш елге шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бүгін 10:00

Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалды: СІМ не дейді?

Бүгін 09:15

Ирандағы "қышқыл жауын" Қазақстанға жетуі мүмкін бе? Мамандар түсіндірді

Бүгін 09:00

Атырауда жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды

Бүгін 08:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі