АЛМАТЫДА WHERETOEAT KAZAKHSTAN 2025 ПРЕМИЯСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ  

АЛМАТЫДА WHERETOEAT KAZAKHSTAN 2025 ПРЕМИЯСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ    ұйымдастырушыдан

Rixos Almaty қонақ үйінде WHERETOEAT KAZAKHSTAN 2025 халықаралық мейрамхана премиясының үшінші мәрте марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға еліміздің жетекші рестораторлары мен шеф-аспаздары, сомелье мен бармендері, виноделдер, инфлюенсерлер мен саланың медиа өкілдері қатысты. Дәстүрлі мерекелік атмосферада қонақтар еркін әңгімелесіп, әсер алмасып, Қазақстанның үздік гастрономиялық жобаларын құттықтады.

Ресми бөлім барысында Қазақстан Республикасының үздік мейрамханаларының рейтингі, сондай-ақ «Жыл мейрамханасы» жарияланды. Бұдан бөлек, арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.

 

WHERETOEAT KAZAKHSTAN мейрамхана премиясының бас серіктесі — METRO.

 

Топ-10 үздік мейрамханалар:

         1.      AUYL, Алматы

         2.      Rifugio del Monte, Алматы

         3.      Selfie, Астана

         4.      Nuala, Алматы

         5.      «Огонек», Алматы

         6.      La Barca Fish&Wine, Алматы

         7.      Qazaq Gourmet, Астана

         8.      SPIROS, Алматы

         9.      «Хороший год», Алматы

         10.    Astra Grand Cafe, Алматы

 

Арнайы және жеке номинациялар бойынша жеңімпаздар:

 

«Жылдың шеф-аспазы» номинациясын Lavka by Proshenkov жобасының негізін қалаушы Александр Прошенков (Алматы) иеленді.

 

«Жылдың шеф-кондитері» болып Анна Лобанова (ABR, Алматы) танылды. Номинацияның ресми серіктесі – бельгиялық Callebaut шоколад бренді.

 

Қазақстанның үздік сомельесі – алматылық Abay және Inzhu мейрамханаларының виндық картасына жауапты Александр Аверьянов. Номинацияны Chateau Silk Alley шарап өндірушісі қолдайды.

 

«Жыл бары» арнайы номинациясының жеңімпазы Алматыдағы Gruppo 63. Серіктесі — LADOGA компаниясы, Barrister Gin бренді.

 

«БАҚ таңдауы» номинациясында (жеңімпаз Қазақстан медиа өкілдерінің дауыс беруімен анықталды) үздік деп Akami мейрамханасы танылды.

 

«Үздік қазақ ұлттық асханасы» арнайы номинациясында Алматыдағы Sandyq мейрамханасы жеңіске жетті. Номинацияның серіктесі — Rixos Almaty қонақ үйі.

 

Choice of METRO арнайы номинациясының жеңімпазы Алматыдағы AUYL мейрамханасы. Серіктесі METRO халықаралық көтерме желісі.

Алматының COCO мейрамханасы WE FRY ON FIRE арнайы номинациясында батыл әрі креативті стритфуд-концепциялары үшін марапатталды. Серіктесі — WE FRY картоп фри өндірушісі.

Еске сала кетейік, жалпы лонг-листке WHERETOEAT KAZAKHSTAN 2025 премиясына сарапшылар дауыс беру барысында атаған 9 қаладағы 208 мейрамхана енді. Басым бөлігі Алматы мен Астанадан, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Петропавл, Шымкент, Өскемен, Қостанай және Қарағанды қалаларынан қатысты.  Жалпы, шорт-листке ең көп балл жинаған 53 мейрамхана кірді.

 

Ирина ТИУСОНИНА,

Премияның негізін қалаушы және бас продюсері:

– Біз үшін WHERETOEAT премиясы – ең алдымен өз ісіне адал жанкешті мамандарды біріктірген үлкен гастрономиялық отбасының мерекесі. Біз жеңімпаз атанған жандармен қатар, жобаға қатысқан әрбір қатысушыны досымыз секілді құрметтейміз.

Қазақстан — бай мәдениеті мен жарқын ұлттық асханасы бар ел. Бірегей дәстүрлер ерекше дәм палитрасын қалыптастырады. Сондықтан біздің миссия гастрономия арқылы мәдени көпір салу. Өйткені ас үй Қазақстанның даралығын әлемге танытудың ең шынайы, ең қонақжай және ең жарқын тәсілі. Осы үлкен миссияда Сіздерді барлығыңызды жеңімпаз деуге болады.

 

ПРЕМИЯ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ:

WHERETOEAT KAZAKHSTAN бұл елдегі үздік мейрамханаларына арналған жыл сайынғы рейтинг. Оны Қазақстанда тұратын және жұмыс істейтін рестораторлар, отельерлер, шеф-аспаздар, сомелье, виноделдер, бармендер, бизнес өкілдері, беделді журналистер мен блогерлерден құралған кеңейтілген сарапшылар алқасының жасырын дауыс беруі арқылы анықтайды. 

Премия регламентіне сәйкес, сарапшылар Қазақстандағы кез келген жұмыс істеп тұрған мейрамханаға дауыс бере алады. Мейрамханалардан өтінім қабылданбайды. Бұл ретте сарапшылар өз таңдауларын еркін жасайды.

 

ПРЕМИЯНЫҢ МИССИЯСЫ мейрамхана индустриясының дамуына ықпал ету, талантты мамандарға жаңа мүмкіндіктер беру және ерекше, өзекті жобаларға назар аударту.

Сонымен бірге премия ұлттық асхананың, дәстүрлердің және гастрономиялық инновациялардың дамуына үлес қосып, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі туристік тартымдылығын арттырады. Әсіресе бүгінде танымал гастротуризм бағытындағы бизнестің дамуына үлес қосады.

Ресторандық экожүйе арасындағы байланыстардың нығаюы, саланың халықаралық аренада танылуы және туризмнің дамуы ел экономикасына оң әсер етеді.

 

Жаңа бас серіктес METRO Kazakhstan

 

METRO Kazakhstan бизнес-клиенттер мен рестораторларға арналған жетекші халықаралық көтерме желісі.

WHERETOEAT-пен серіктестік мейрамхана индустриясын дамытуға және қонақжайлық саласының мамандарын қолдауға бағытталған.

Ортақ миссия сала лидерлері мен жаңа буын шефтерін бір алаңда тоғыстырып, гастрономиялық мәдениетті дамыту және кәсіби қауымдастықты нығайту.

 

WHERETOEAT KAZAKHSTAN 2025 премиясының бас ақпараттық серіктестері Almaty Aqshamy мен «Вечерний Алматы» газеттері.

 

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:13

16:51

16:35

16:28

16:02

15:24

15:08

14:45

14:29

12:55

12:28

12:15

12:15

12:03

11:49

11:35

11:28

11:04

11:01

10:23

10:15

10:07

10:05

09:53

09:38