AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мұғалім - блогер емес...

Мұғалім - блогер емес...

Әлеумет 04.12.2025, 14:29 611 Элеонора Жаңабергенқызы
Мұғалім - блогер емес...
depositphotos.com

«Өзінің уақытын аямай, өзгенің бақытын аялап» жүрген мұғалім деген мамандықтың иелері бір кезде кез келген концерт залын толтырушы, көше тазалаушы болып түрлі қоғамдық жұмысқа жегіліп, айлығы шайлығына жетпей өмір сүрді. Соңғы уақытта мұғалімнің мәртебесі көтеріліп, жалақысы да молайып, жағдайына мемлекет тарапынан көңіл бөлінді. Алдағы 2026 жылы мұғалімдерді не жаңалық күтіп тұрғаны жайлы Аqshamnews.kz тілшсі тарқатады.

Мұғалімдерден қандай міндеттер алынып тасталады?

Қағазбастылықты азайту – қағаз немесе электрон құжаттың біреуін ғана толтыру, жүйеге 1 рет енгізу жеткілікті: Kundelık немесе НОБД және Bılımland-тің біреуіне енгізілген дерек бірнеше жүйеде қайталанбауы керек.

Блог жүргізуге міндеттемеу – әлеуметтік желіні тек өз қалауымен жүргізеді, мұғалімді пост жазуға немесе блог жүргізуге мәжбүрлеуге болмайды. Чаттар мен хабарламалар тек ресми жүйелер мен пошта арқылы жазылады.

Жауапкершілікті азайту – мектептен тыс жағдайға мұғалім жауап бермейді. Заңдар мен еңбек келісімшартында көрсетілмеген жұмыстың бәріне мұғалім міндетті емес.

Ата-анамен келісім күшейеді, бар ауыртпалық мұғалімге ғана артылмауы керек. Мектеп пен ата-ана өзара келісімді қатаң ұстануға міндетті.

Мәртебесін қорғау – енді мұғалім мәртебесін бұзғандарға айыппұл көлемі көбейеді.

«Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов: «Мұғалімнің міндеті – оқыту, бәріне кінәлі болу емес. Мұғалім өз міндетіне кірмейтін нәрселер үшін жауап бермеуі керек. Оның басты миссиясы – оқыту, артық функциялармен айналысу емес. Сондықтан біздің фракция депутаттары педагогтарды шамадан тыс талаптардан қорғау және жауапты ата-аналық мәдениетті нығайту үшін заңнамаға түзетулер енгізуге дайындық жүргізіп жатыр», деді.

Бұл туралы басқадан гөрі осы мамандықтың иесінің пікірі құнды. Айтылған мәселенің барлығын көзімен көріп, күнделікті осы жұмысты атқарып жүрген мұғалімдердің ойын білмекке сөзге тарттық.

Қағазбастылық азайды деген аты ғана...

Шымкент қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі  Айдана Батырхан былай деді:

Жалпы, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғалы бері мұғалімнің артық міндеттері едәуір қысқарды. Соған қарамастан, өкінішке қарай, кейбір мектеп директорлары мұғалімдерді әлі күнге дейін әр апта сайын сенбілікке шақырып, заң талаптарын толық орындамай келеді. Мұғалім өз құқығын заңмен қорғамаса, осындай ұсақ талаптарға көнуге мәжбүр болып жүр.

Қағазбастылық азайды дегенмен, бұл көбіне аты ғана сияқты. Жыл сайын өзгеретін бұйрықтар, нақтылығы жоқ сабақ жоспарлары, таусылмайтын құжаттар… Бәрі мұғалімнің негізгі жұмысына, яғни сапалы сабақ беруіне  кедергісін тигізеді. Ал Kundelik-тен Bilimclass-қа жиі ауыстыру да мұғалімдерге қосымша жүктеме болып отыр.

«Мақсатты мектептің» тоқтағаны үшін алғыс айтқым келеді

Иә, мұғалімдерді блог жүргізуге ешкім мәжбүрлей алмайды. Дегенмен, соңғы жылдары чаттар арқылы – сенбі, жексенбі күндері де – сауалнамалардың жиі келуі мұғалімдердің жұмысын қиындатып жібергені рас. Әсіресе «Мақсатты мектеп» жобасы аясында түрлі сауалнамалар мұғалімдердің уақытын алып, тікелей оқу процесіне кедергі келтірді.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл жобаны тоқтату туралы шешім қабылдады. Осы ретте министрге мұғалімдердің мәселесін дер кезінде ескеріп, нақты қадам жасағаны үшін алғыс айтқым келеді.

Бұл өзгерістердің барлығы – құптайтын жағдай. Мұғалімнің мектептен тыс оқиғаға жауап бермеуі, заңда көрсетілмеген жұмысты орындауға міндетті еместігі, ата-анамен келісімнің күшеюі – бәрі мұғалімге түсетін қажетсіз жүктемені азайтады. Сондай-ақ педагог мәртебесін бұзғандарға айыппұлдың өсуі мұғалімнің құқығын қорғауды күшейтіп отыр.

Ал Алматы қаласының мұғалімі Байғазиева Алияның бұл жөніндегі пікірі мынадай:

Мұғалімдердің жұмысын жеңілдету үшін артық міндеттерді алып тастау – дұрыс әрі уақыт талабына сай шешім. Қағазбастылықты азайту, құжатты бір рет қана енгізу және оның бірнеше жүйеде автоматты түрде көрінуі – мұғалімнің негізгі жұмысы болып табылатын сабаққа дайындалуға, оқушымен жұмыс істеуге көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік береді. Kundelík, НОБД немесе Bılımland жүйелерінің біреуіне ғана мәлімет енгізіп, оның басқа платформаларда қайталанбауы – білім беру процесін оңтайландырып, мұғалімдердің әкімшілік жүктемесін айтарлықтай азайтады. Бұл өзгерістер мұғалімдердің кәсіби тиімділігін арттырады және білім сапасына оң әсер етеді.

Блог жүргізу жеке тұлға ретінде әр адамның өз еркімен болуы керек, оған міндеттеу дұрыс емес. Ата анамен жауапкершілікті заңда нақтылап көрсетіп қолданатын шараларды қатаңдатпайынша жалғыз мектептің шамасы келмейді. Саңырауқұлақтай қаптап кеткен жекеменшік мектептер барда оқушыларды мектеп қатал тәртіппен ұстай алмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалім #блогер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);