AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар Ұлт ұстазының туған күнін атап өтуде

Алматылықтар Ұлт ұстазының туған күнін атап өтуде

Әлеумет 05.09.2024, 13:04 1,274
Алматылықтар Ұлт ұстазының туған күнін атап өтуде
Қайрат Қонысбаев

Алматыда Қазақстан халқының Тілдер күніне және қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2018 жылдан бері бұл күн Қазақстан халқының мәдени мұрасына деген құрметтің символы ретінде аталып өтуде.

Мереке Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Іс-шараға қоғам өкілдері, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

«Бүгінгі шара бізге тамырларымыздың және мәдени мұрамыздың маңыздылығын еске салады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін сақтап, дамыту жолында көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым және патриот еді. Біздің мақсатымыз – оның мұрасын тек есте сақтау ғана емес, сонымен бірге бұл білімді жастарға белсенді түрде жеткізу. Бұл – өз мәдениеті мен тарихын құрметтейтін баршамызға арналған мереке», – деді Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті Кәрімбек Құрманалиев.

Рәсімнен кейін қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының 1930-жылдары тұрған үй-музейіне барды. Іс-шара барысында атақты қайраткерге арналған жаңа кітаптың ресми тұсаукесері де өтті. Бұл басылым оның мұрасын сақтау мен насихаттауға қосылған тағы бір үлес болды.

«Ахмет. Алаштың ардақтысы» атты кітап ұлттық мәдениеттің көрнекті қайраткерлері туралы серияны жалғастырады. Онда алғаш рет Ахмет Байтұрсынұлының көптеген шығармаларының орыс тіліне аудармалары ұсынылған. Біз ұлы ақынның мұрасымен мақтанамыз және оның білімін, идеяларын болашақ ұрпаққа жеткізуге тырысамыз», - деді «Алматыкітап баспасы» баспасының президенті Гаухар Саймасова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ахмет Байтұрсынұлы #тарих #Ғылым #тіл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Кеше 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Кеше 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Кеше 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Кеше 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Кеше 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика