ffin.kz

Егін орағы: үміт пен күдік

Егін орағы: үміт пен күдік almaty-akshamy.kz

Қолайсыз ауа райынан зардап шеккен фермерлерге айыппұл санкциялары салына ма?



Қоңыр күздің дәл осы өліара тұсында егіншілік туралы мақала жазсақ, «Арқада егін орағы қызып тұр» деп бастайтынбыз. Биыл олай болмай тұр. Жиын-терім жұмыстарының қарқынына ауа райының қолайсыздығы тікелей әсер етуде.


Аптапты, жаңбырсыз жаздан соң ерте масақтанған Арқаның ақ бидайы биыл ала­са. Комбайн жаткасына әзер ілігеді. Соған сәйкес, масағының толымы да аз. Бұрынғы­дай, жиырмаға жуық дән (әр масақта) жоқ. Қырсық қылғанда, дәл егін орағы басталар­да жауған жаңбыр соңғы кезге дейін толас­тамай, комбайндардың алқапта жүруіне кедергі келтірді. Соның салдарынан орақ жұмыстарын уақытша тоқтатуға тура келді.


Мұндайда жаңбырдан соң өскен егін сабағы арасындағы шөп комбайндардың жұмысын одан әрі қиындатады. Оған қоса, бидайдың сапасына кері әсер етеді.


Ауа райы қолайлы жылдары қазақ бида­йы экспортқа бірінші, ара-тұра екінші сы­ныппен өткізілетін. Соған сәйкес, бағасы да жоғары болатын. Ал биылғы бидай сапа­сы клекавинасының аздығымен қоса төртінші, бесінші сыныпты ғана болып тұр. Ол дегеніңіз, биылғы астықтың дені ұн тартып, нан илеуге жарамайды деген сөз.


Биыл Қазақстан бойынша 17,3 млн гек­тар жерге дәнді дақыл егілді. Әрі оған үкі­мет тарапынан үлкен үміт артылғанымен, биылғы ауа райының қолайсыздығы сол үмітті ақтамайтын түрі бар. Өткен жылы қыркүйектің орта шеніне дейін астықты алқаптың 70 пайызы орылса, бүгінгі нәти­же 40 пайыздан аспай тұрғаны да көңілге қонбайды.



  • Егін шаруашылығының осынау проб­лемалары билікті де алаңдата бастады. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райы­ның қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт То­қаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды.


Күні кеше Премьер-министр Әлихан Смайылов дәл осы мәселеге байланысты арнайы жиын өткізді.


Қазір Президент тапсырмасына орай егін жинау науқанының барысын Үкімет тұрақты бақылауға алды. «Биылғы жыл ди­қандарымыз үшін аса қолайсыз болды. Со­ның кесірінен астық түсімі азайып, жұмыс қарқыны төмендеді. Алайда, орақ науқанын қаржылай және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық шара­ны қарастырып жатырмыз», – деді Премьер.


Алайда, дәтке қуат етер бір үміт бар. Қазақ даласының астықты өңірлерінде қыркүйектің соңына дейін қатты жаңбыр жаумайды деген болжам айтылуда. Ендігі мақсат – сол мүмкіндікті тиімді пайдалану.


Шаруа қожалықтары мен фермер­лердің үкіметтің қолдауынсыз аттап баса алмайтын кезі келді. Оны билік те анық біліп отыр. Үкімет ауыл шаруашылығы­ның дағдарысты кезеңінде диқандарды қолдау шараларын бастап та кетті.


Осы аптада биылғы қуаңшылық жылы аптаптан зардап шегіп, егісі қурап кеткен Жамбыл облысының диқандары­на 3,7 млрд теңге субсидия берілетін болды. Солтүстіктегі астықты өңірдің диқандарына да қаржылай қолдау көрсе­ту шаралары қарастырылуда. Қостанай облысындағы егістік қолайсыз ауа райы­нан зардап шекті. Толассыз жауған жаң­быр салдарынан астық сапасы нашарлап, дән сұрыпының сапасы төмендеген. Өңір аграршыларына 16,9 млрд теңге субси­ дия төленеді. Таяу арада Үкімет ауыл ша­руашылығы техникаларын жаңарту үшін қосымша 20 млрд теңге бөлетін болды.



Егін орағы қарсаңында ауыл шаруа­шылығы техникаларының ең қажетті жа­нармайы – дизель отынының не қымбат­тап, не азайып кететін дағдысы бар. Ол биыл да қайталанды. Жанармай нарқының көтерілуі онсыз да шаруасын әзер жүргізіп отырған диқан қауым үшін оңай соққы емес. Соны ескерген Үкімет таяуда сол­түстіктегі диқандарға 20 мың тонна дизель отынын жеңілдетілген бағамен беріп отыр. Бұл да болса шаруасы кейін кеткен диқан қауымға көрсетілген үлкен жәрдем.



Биылғы бидай сапасының барынша төмен екенін айттық. Дән негізінен ылғал­ды. Сондықтан оны кептіріп баптаудың өзі мұң болатын түрі бар. Жыл сайын элева­торлар мен астық қабылдау пункттеріндегі кептіру орындары жетіспей, біраз бидай­дың сапасы төмендеп, мал азығына ке­тетінін де білеміз.


Үкіметтің осы жайтты ескергені бай­қалып отыр. Астанада өткен жиында Үкі­мет басшысы да осы мәселеге маңыз берді.


Бір сөзбен айтқанда, биылғы егін ора­ғы қиын жағдайда жүргізілуде. Соны ес­керген билік тарапынан бұл салаға айтар­лықтай көмек көрсетіліп жатыр. Оның қайтарымы қандай боларын алдағы бола­шақ көрсетпек.


 


«Аlmaty-akshamy», №113, 23 қыркүйек, 2023 жыл

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43