AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Гүлжан Қарағұсованың қызы ғарышқа ұшады

Гүлжан Қарағұсованың қызы ғарышқа ұшады

Әлем 03.10.2025, 14:49 579
Гүлжан Қарағұсованың қызы ғарышқа ұшады
Blue Origin

Дана Қарағұсова Қазақстаннан ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы әйел атанады, деп хабарлайды aqshamnews.kz kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Кәсіпкер New Shepard кемесінің экипажы құрамына кірді. Америкалық Blue Origin компаниясы осымен 36-мәрте туристерді орбитаға алып шығады. Миссия туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Қарағұсовамен бірге ғарышға кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негісіз қалаушы Аарон Ньюман, украин кәсіпкері Виталий Островский және тағы бір жолаушы көтеріледі. Ол аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрді.

«Адамзат болашағы ғарышпен байланысты»

Дана Instagram-дағы парағы ғарышқа сапары жайлы былай деп жазды:

«Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Жаңа көкжиектерді бағындыру арқылы біз технологияларды ғана дамытып қоймай, жеке мүмкіндігіңізді кеңейте түсеміз. Мен үшін Blue Origin-нің NS-36 миссиясы – зерттеу жобасының бір бөлігі, сонымен бірге ұзақ жылдар бойы талпынып келе жатқан арманыма жақындай түсу», – деп жазды болашақ ғарыш турисі.

Экипаж құрамы туралы мәлімет бойынша, Дана Қарағұсова 25 жылдан астам уақыт бойы медиа, дистрибуция және түрлі шараларды ұйымдастырумен айналысқан. Ол Portals, мультимодальды экожүйесінің негізін қалаған. Жүйе өнер мен ғылымды цифрлы тетіктер арқылы біріктіреді.

Кәсіпкерліктен бөлек, Қарағұсова альпинист ретінде де танымал. Ол Килиманджаро мен Эльбрусты бағындырған. Дана шыңға шығуды ішкі күшін сынаудың бір амалы деп қарастырады. Енді қазақ қызы ғарышқа ұмтылады. Кәсіпкер оны «ермек емес, адамзаттың жаңа эволюциясы басталатын шекара» деп біледі.

NS-36 миссиясы – New Shepard бағдарламасының 15-сапары. Осы жоба аясында Blue Origin ғарышқа 75 адамды алып шықты. Бес жолаушы екі мәрте көкке көтерілген.

Кеме ұшатын күн кейін жарияланады. Сапар BlueOrigin.com сайтында, сонымен бірге әлеуметтік желілер мен YouTube платформасында көрсетіледі.

Бұған дейін Kursiv.Media Қазақстан тарихында алғашқы ғарышкер қыздар тобы құрылғанын жазған. Арулар ғарышқа ұшпаса да, жердегі модульде жаттығады. SANA-1 деп аталатын сынақ 10 тәулікке созылады. 

Wikipedia.org сайтында Дана Қарағұсова экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы екені жазылған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дана Қарағұсова #Гүлжан Қарағұсова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18

Жаңа Конституцияның қабылдануы елдің болашағы үшін тарихи қадам болып табылады

Бүгін 18:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика