Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстандық 121 бала ағза трансплантациясын күтіп...

Қазақстандық 121 бала ағза трансплантациясын күтіп отыр

Медицина 03.10.2025, 17:07 440
Қазақстандық 121 бала ағза трансплантациясын күтіп отыр
Сурет: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда 4300-ден астам адам ағза трансплантациясын күтіп отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жақын арада балаларға жүрек пен бауыр трансплантациясын жүргізу, сондай-ақ ағза кешендерін трансплантаттау жоспарланған. Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ағза донорлығы мен трансплантациясының Еуропалық күніне орайластырылған «Үміт сыйлаған шешім» форумы өтті.

— Трансплантологияны дамыту — денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты. Бүгінгі күні трансплантация көптеген жағдайларда ауыр созылмалы ауруларды емдеудің жалғыз тиімді әдісі болып қала беруде және пациенттерге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді. Бірақ ең маңыздысы — қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жүйесіне қоғамның сенімін қалыптастыру, — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Бүгінде Қазақстанда 4300-ден астам адам, оның ішінде 121 бала ағза трансплантациясын күтіп отыр. Әрбір донор жеті адамның өмірін сақтай алады, сондықтан донорлық мәдениетті дамыту қоғам үшін маңызды міндетке айналады.

2012 жылы елімізде алғашқы жүрек трансплантациясы жасалғаннан бері қазақстандық дәрігерлер бауыр, бүйрек, жүрек, мөлдір қабық, ал 2015 жылдан бастап өкпе трансплантациясын да меңгерді.

— Жақын арада балаларға жүрек пен бауыр трансплантациясын жүргізу, сондай-ақ ағза кешендерін трансплантаттау жоспарланған.

Орта есеппен жыл сайын 200–300 пациентке ағза трансплантациясы жасалады. Өмір сүру көрсеткіштері әлемнің жетекші клиникаларының нәтижелерімен салыстырылады: бүйрек реципиенттерінде — 95–97%, бауыр реципиенттерінде — 85%, жүрек реципиенттерінде — 86%.

Жұмысты үйлестіру үшін барлық өңіріндегі өкілдіктері бар Республикалық транспланттауды үйлестіру орталығы құрылды, — делінген минисрлік хабарламасында.

Денсаулық сақтау жүйесінде цифрландыру белсенді дамуда: донорлар мен реципиенттерді есепке алудың ақпараттық жүйесі енгізілді, ол деректерді автоматты түрде салыстырады және «күту парағындағы» пациенттер үшін ағзаларды іріктейді.

Сонымен қатар, заңнама жетілдірілуде: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске және заңға тәуелді актілерге қажетті өзгерістер енгізілді.

Алайда ағза донорлығының жетіспеушілігі әлі де негізгі мәселе болып отыр. Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық деңгейі төмен күйінде қалып отыр, ал бұл түйткілді тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана шешу мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, шешуші рөл қоғамға тиесілі. Сондықтан донорлық жүйеге деген сенімді күшейту, оның этикалық негіздерін түсіндіру және қалыптасқан мифтерді сейілту ерекше маңызды.

Бұл үдерісте қарапайым шындықты жеткізе алатын дәрігерлерге, діни қызметкерлерге, әлеуметтанушыларға, психологтарға және бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше миссия жүктеледі: бір ғана шешім бірнеше адамның өмірін құтқарып қалуы мүмкін. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#трансплантология #ДСМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі