«Енді тыныш әрі ыңғайлы»: Жетісу ауданындағы тұрғындар жаңа жолды жоғары бағалады

  • 13:22, 04 қазан 2025
«Енді тыныш әрі ыңғайлы»: Жетісу ауданындағы тұрғындар жаңа жолды жоғары бағалады сурет: Қайрат Қонысбаев

Алматыда 2025 жылы жалпы ұзындығы 270 шақырым болатын 326 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Соның ішінде Жетісу ауданында 26,2 шақырымға созылған 33 көше қамтылды. Оның 15-і Кемел шағынауданында орналасқан, мұнда шамамен 17 шақырым жол жаңартылды,-деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жөнделетін тізімге Жайсан, Постышев, Есім хан, Жолымбет, Палладин, Боралдай және басқа да көшелер кірді. Әсіресе, Постышев көшесі ерекше маңызға ие, ол шағынауданның негізгі көлік артериясы саналады және қаланы қала маңындағы елді мекендермен байланыстырады.

Бірнеше жыл бұрын бұл көшеде инженерлік желілер тартылған болатын, сол себепті тұрғындар жөндеу жұмыстарын E-otinish жүйесі және есептік кездесулер арқылы бірнеше рет сұраған.

— Бүгінде аудан бойынша 31 көшеде жол жамылғысы төселді. Кемел шағынауданында инженерлік желілер жүргізілген соң көптеген көше қазылып қалған еді. Сол жұмыстар аяқталғаннан кейін жөндеу басталды. Асфальт төселіп, тротуарлар жасалды, жол сызықтары мен белгілер қойылды. Енді қалған екі көше қазан айының соңына дейін аяқталады. Шарт бойынша мерзім 30 қарашаға дейін белгіленген. Мердігерлерге 5 жылдық кепілдік қарастырылған: осы уақыт ішінде ақауды өз есебінен жояды, — деді Алматы қалалық мобилділік басқармасы жол желілерін дамыту бөлімінің басшысы Нұрзат Ордабаев.

Жұмыстар кешенді түрде жүргізілді: шамамен 6-10 адамнан тұратын 15 бригада және 27 бірлік техника тартылды. Асфальт күндіз де, түнде де төселді.

— Негізгі жұмыстар жол бойында аяқталды, тротуарларда ұсақ кемшіліктерді түзету мен люктерді көтеру ғана қалды. Біз бұл салада көп жылдан бері жұмыс істеп келеміз және әрдайым сапаны жоғары деңгейде ұстауға тырысамыз. Барлық нысанға 5 жылдық кепілдік берілген, — деді учаске бастығы Юрий Чжен.

Кемел шағыауданының тұрғындары жөндеу жұмыстарына ерекше риза. Екатерина Трегубенко былай дейді:

— Бірнеше жыл бойы Постышев көшесінде инженерлік желілер тартылып, айнала лай мен шұңқырға толы еді. Көліктер мен автобустар батып қалатын, балалар үйге жету үшін аяқтарына пакет киетін. Енді бәрі өзгерді: асфальт төселген жол, тротуарлар мен жүргіншілер өткелдері бар. Үйге тыныш әрі ыңғайлы жетеміз, балалар үшін қауіпсіз. Аудан билігі тұрғындармен жол жағдайын талқылаған еді, міне, нәтижесі. Иә, әлі асфальт төселмеген көшелер бар, бірақ келесі жылы олар да жөндеу тізіміне енеді деп уәде берді.

Мамандардың айтуынша, жаңартылған жолдар ауданның көлік қолжетімділігін арттырып, жол қауіпсіздігін жақсартады және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын айтарлықтай арттырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:04

13:22

12:23

11:18

10:18

09:43

09:14

17:55

17:35

17:30

17:29

17:07

16:51

16:31

16:17

16:07

15:44

15:39

15:25

15:16

14:57

14:49

14:25

14:10

14:02