Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 10 жыл бойы Түркиядағы университетте сабақ беретін...

10 жыл бойы Түркиядағы университетте сабақ беретін қазақ мұғалімі

Әлеумет 03.10.2025, 15:39 894
10 жыл бойы Түркиядағы университетте сабақ беретін қазақ мұғалімі
Суреттер: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ұстаз есімі қай елде болмасын, әрдайым құрмет пен ілтипатқа лайық тұлға. Ұрпақ тәрбиелеп, ілім-білімге баулуда мұғалімнің арқалаған  жүгі қашан да ауыр. Өйткені ұстаздар еңбегі –  қоғамның дамуы мен болашағының негізі.

Қазақстанда ұстаздар күні ұзақ жылдар бойы қазан айының бірінші жексенбісінде аталып келді. 2023 жылдан бастап ол Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен бір күнге, яғни, 5 қазанға белгіленді.

Ал бауырлас ел - Түркияда мұғалімдер күні 24 қарашада аталып өтеді. Түркия туралы сөз қозғауымыз тегін емес. Aqshamnews.kz редакциясы шетелде тұратын қазақтар сериясын жалғастырады. Бұл жолғы кейіпкеріміз Түркияда тұратын отандасымыз - Перизат Ертаева. Ол өмірін ұстаздық ету жолына арнаған жан.  Қызылорданың Шиелі ауданының тумасы қазіргі таңда Түркияның Нигде Өмер Халисдемир университеті, Қазіргі түркі тілдері және әдебиеттері кафедрасының  PhD докторы. Бұл кафедра  барлық түркі тілдерін оқытады, түрколог мамандар дайындайды. Перизат болса, шетелдіктерге яғни түрік азаматтарына қазақ тілін үйретеді. 

Қазақстан мен Түркияның білім беру жүйесіндегі ерекшеліктер

Перизат Құрбанбекқызы 2007 жылдан бері жоғарғы оқу орнында сабақ беріп келеді. Түркиядағы мектеп жүйесі де оған жақсы таныс, өйткені егіз ұлы мен қызы 10-сыныпта оқиды.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Түркиядағы білім жүйесі ұқсас. Дегенмен, бірқатар құрылымдық, әдістемелік және мәдени ерекшеліктер де  жоқ емес. Біздің елдегідей 11 жыл бойы бір мектепте білім алу мүмкін емес. Себебі, Түркияда білім беру құрылымы келесідей болып бөлінеді: 

  • Мектепке дейінгі білім
  • Бастауыш мектеп (1–4 сынып)
  • Орта білім (5–12 сынып). Ал ол келесідей жіктеледі: 

Бастауыш (4 жыл)

Орта (4 жыл)

Лицей (4 жыл). Сонда түріктерде жалпы 12 жылдық білім міндетті.

Жоғары білім:

  • Бакалавриат – 4 жыл
  • Магистратура – 2 жыл
  • Докторантура – 4–6 жыл

Қазақстанда оқу жылы 1 қыркүйекте басталса, Түркияда мектептер жұмыстарын 15 қыркүйекке таман бастайды. Сәйкесінше, оқу жылы мауым айының ортасына таман аяқталады. Бізде оқу тоқсандары жыл маусымдары сияқты төрт рет ауысса, түрік оқушылары студенттер сияқты екі семестр оқиды екен. Аралық бақылау жұмыстары кезінде күз бен көктемде бір апталық демалыстары тағы бар екен.

Мұғалімнің мәртебесі мен қоғамдағы орны

Түркияда ұстаз – тек білім беруші емес, ұлттың рухани тәрбиешісі, қоғамдағы беделді тұлға.  Түрік мәдениетінде "Ұстаз — әкеден де жоғары" деген түсінік бар. Бұл – мұғалімге деген құрметтің, сенімнің айғағы.

 

2022 жылы Түркияда "Мұғалімдік мамандық туралы" арнайы заң қабылданды. Бұл заң мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған және келесі кәсіби сатыларды бекітті:

  • Кандидат мұғалім (aday öğretmen)
  • Мұғалім (öğretmen)
  • Маман мұғалім (uzman öğretmen) 
  • Бас мұғалім (başöğretmen)

Мұғалімнің кәсіби деңгейі өскен сайын, жалақысы мен әлеуметтік жеңілдіктері де артады. Жоғары оқу орындарында да оқытушылардың мәртебесі жоғары, жүктемелері шамадан тыс емес және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарға көп араласпайды.

Айта кетейік, біздің елде де мұндай заң бар. 2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойған еді. 

Түркияда жоғары оқу орындарында академиялық еркіндік деңгейі жоғары. Студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас еркін, ашық диалог орнаған. Студенттер ойын еркін жеткізіп, пікір білдіру мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, оқытушыларға ғылыммен айналысуға кең мүмкіндік берілген, қағазбастылық жоқтың қасы. Еңбек ету мәдениеті "ұят" пен "ұстаздық жауапкершілікке" негізделген. Бұл өз кезегінде жүйенің тиімділігін арттырады.

Түрік ағайындар  "Öğretmenler, yeni nesil sizin eseriniz olacaktır" "Ұстаздар, жаңа ұрпақ — сіздердің еңбектеріңіздің жемісі болмақ деген  сөзді мұғалімдердің басты ұраны ретінде жиі қолданады екен. Бұл елдегі Ұстаздар күні  Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті болған Мұстафа Кемал Ататүрікпен байланысты.  1928 жылы 24 қарашада  Ататүрік жаңа түрік әліпбиін енгізіп, ұстаздық қызмет атқарған. 

Ұрпақ тәрбиелеу – кез келген ұлттың болашағына салынған алтын көпір. Бұл көпірді тұрғызатын – ұстаздар. Түркияда жүріп қазақ тілін оқытып, ана тіліміздің өрісін кеңейтіп жүрген Перизат Ертаева – сондай жанның бірі.

Ұстаздарға деген құрмет – тек бір күнгі емес, әр күнгі ризашылықпен өлшенуі тиіс. Қазақстан мен Түркиядағы білім жүйелерінің ұқсастығы мен айырмашылықтары көп болғанымен, екі елде де ұстазға артылған сенім биік.

Білім мен тәрбиенің шамшырағы болған мұғалімдердің еңбегі ешқашан елеусіз қалмауы керек. Мұғалімдер күні құтты болсын!

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұғалімдер күні #шетелде тұратын қазақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика