AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Берденовты атқан қару жайлы не белгілі?

Берденовты атқан қару жайлы не белгілі?

Заң мен тəртіп 22.04.2025, 16:15 1,367
Берденовты атқан қару жайлы не белгілі?
Коллаж: автор

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуірде қалалық әкімшілік ғимаратының жанында болған. Желіде тараған ақпараттарға сенсек оған "Сайга-12" маркалы аңшы мылтығынан үш рет оқ атылған. Бұл қару туралы не білеміз? Аqshamnews.kz тілшісі тарқатады. 

Атылған қару туралы ақпарат

"Сайга-12" экспортқа жиі шығатын ресейлік мылтықтардың бірі. Қару құрастыру принциптері жағынан AK-47-ге өте ұқсас. Ол — жартылай автоматты 12-калибрлі шолақ мылтық. “Сайга” атауы — Ресейдегі киік түріне байланысты қойылған.

Сурет: Wikipedia.org

Сайга қарулары алғашында аңшыларға арналып жасалған. Кейін сұранысқа байланысты тактикалық үлгілері де пайда болды. Аңшылықтан бөлек спорттық атысқа, (мысалы, IPSC) өзін-өзі қорғауға, кейбір елдерде тіпті арнайы жасақта да қолданылады. 
Қазақстанда "Сайга-12"  мылтығын көбіне аңшылық мақсатта пайдаланады. Техникалық жағынан ұңғылы шолақ қару болғандықтан, қабан, бөдене, үйрек, қаз сияқты аңдарды атуға қолайлы келеді.

Қазақстанда қару ұстау тәртібі қандай?

Елімізде қару ұстау – нақты заңдық талаптарға сай жүргізілетін процесс. Жеке қорғаныс, аңшылық пен спорт үшін рұқсат етілгенімен, оны сақтау, қолдану және тіркеу тәртібі қатаң реттеледі. Осы турасында заңгер Қуат Ауғанбектен маңызды сауалдарға жауап алдық.  

Заңгер Қазақстанда кәмелетке толған ел азаматтары аңшылық, спорт және өзін-өзі қорғау мақсатында қару иелене алатынын айтты. Яғни, 18 жастан бастап – садақ, арбалет секілді лақтырылатын қаруларға рұқсат беріледі. Ал пневматикалық қару (қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын, калибрі 4,5 мм дейін) – тіркеусіз алуға болады. Аңшылық қаруға – арнайы куәлігі бар азаматтар ғана қол жеткізе алады.

«Мақсаттарына байланысты бір адамға белгіленген санға дейін ғана қару ұстауға рұқсат. Мәселен, аңшылық мақсатта  – 4 қаруға дейін (2 тегіс, 2 ойық ұңғылы), спорттық мақсатта – 5 данаға дейін, өзін-өзі қорғау үшін – әр түрінен 2 қарудан артық болмауы тиіс. Ал қару жоғалған жағдайда ішкі істер органына бірден хабарлау қажет. Қаруды жоғалтқан адамға 486-бабының 1-бөлімі, 3-бөлігіне сай хаттама толтырылып, тиісті шаралар қолданылатын болады», - дейді заңгер.

Сондай-ақ, заңгер қаруды үйде сақтаудың арнайы тәртібі барын ескертті. Ол арнайы металл сейфте сақталуы керек. Ал сейф қабырғаға немесе еденге бекітілуі керек.

Заңсыз айналымдағы қару жарақтар.

Қазақстанда соңғы жылдары қару-жарақ қоймаларының тоналуы мен заңсыз айналымы бойынша нақты статистика жарияланбаған. Десе де, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендері мен қоймаларынан 2 960 бірлік қару ұрланғаны белгілі. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Осы оқиғадан кейінгі жылдары құқық қорғау органдары қару-жарақтарды іздеу және тәркілеу жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. 
«Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері заңсыз айналымнан 1000-нан астам қару-жарақ тәркіледі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 130 қару бар. Бұл бағыттағы жұмыс ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында» деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, 21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Шабуыл жасаған адам әкімдік ғимаратының жанында шенеунікті күтіп тұрған. Ол сыртқа шыққан сәтте, жақын қашықтан "Сайга-12" маркалы аңшы мылтығынан үш рет оқ атқан.

Берденовке 4 сағат ота жасалып, науқастың қазіргі жағдай тұрақталғаны айтылды. Сондай-ақ әкімдік шабуыл жасаған адамның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлім етті. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қару #ұстау тәртібі #Берденов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Бүгін 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика