ffin.kz

Автокөлікпен халықаралық тасымалдау саласында қандай мәселе бар?

Автокөлікпен халықаралық тасымалдау саласында қандай мәселе бар? Сурет: ҚазАТО

Халықаралық тасымалдаушылар шағымы. 


«ҚазАТО» Қазақстан Республикасының Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы еліміздің халықаралық бағыттарында жүк тасымалдаушы компаниялардың осы саладағы шетелдік әріптестерінің салдарынан көріп отырған қиындықтары туралы журналистерге арнап өткізген баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«ҚазАТО» Қазақстан Республикасының Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қазақстандық автокөлікпен жүк тасымалдайтын беларусиялық жүргізушілердің көбейіп кеткенін мәлімдеп отыр. Одақ басшысы Махсат Сақтағановтың айтуынша, елімізге Беларуссиядан келетін жүк көліктерінің заңға қайшы әрекеттері мен жемқорлық схемалары айқындалып отыр.



Олар бүгінде бұл салада да бармақ бастылық пен көз қыстылық қалмай келе жатқанын айтуда. Себебі саладағы заң талаптарының сақталмауынан, шетелдік жұмыс күшінің көптеп ағылуынан отандық жүк тасымалдаушылар бүгінде жұмыстан қағылып, шетелдік компанияларға орын беріп, нарықтан ығысуға мәжбүр болып отырмыз дейді.


Жүргізушілердің еңбегі мен пен тынығуын үйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларына сәйкес, халықаралық жүк тасымалын жасайтын  барлық жүк көліктері тахографпен жабдықталуы тиіс.


Жалпы халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшін жүргізушілерге қажет құжаттардың негізгілері келесідей:


Жүргізушінің төлқұжаты, жүргізушінің халықаралық жүргізу куәлігі, жүргізуші картасы, тауар-жүк құжаты, жүк жөнелтушінің сыртқы номенклатурасы көрсетілген жүкке арналған жүк құжаттары, шетелдік рұқсат бланкі, АТС техникалық паспорт.


Жүргізушінің жеке басын айқындау үшін және оның жұмыс уақыты мен демалған кезі туралы мәліметті сақтайтын жүргізуші карточкасы беріледі. Сондай-ақ, жүргізуші карточкасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында бір күнтізбелік жылда 185  күннен кем емес өмір сүретін және ҚР уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсаты бар шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға ғана беріледі.


Алайда, қазіргі сәтте Қазақстан көлік компанияларында жұмыс істейтін Беларусь жүргізушілері осы жүргізуші карточкасынсыз-ақ емін-еркін көлік айдап жүр. Бұл Халықаралық көлік тасымалын жасайтын транспорт экипаждарының жұмысына қатысты 1970 жылғы Еуропалық келісімді бұзу болып саналады. Бұл келісім Қазақстан Республикасының президентінің 1995 жылдың  12 мамырындағы №2272-Жарлығымен ратификацияланған.


 Яғни, жалған құжатпен жүру фактілері бұл салада да тыйылмай тұр. Сала мамандарының халықаралық көлік тасымалын жасау барысында, «Қазақстан-Қытай», «Қытай-Қазақстан», «Қазақстан-Ресей» және «Ресей-Қазақстан» бағыттарындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде Беларусь пен Ресей жүргізушілері «жалған құжаттарды» яғни Қазақстан азаматтарының карталарын көрсетіп жүр.


«ҚазАТО» Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы Мемлекеттік құзырлы орган өкілдері неге бұған көз жұма қарайды деген жанайқайларын айтып отыр.



«Жүргізушілердің жұмыс уақыты мен демалған кезін үйлестіру жөніндегі Ереже талаптарын орындауға деген бақылауды күшейту мақсатында, Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушыларының одағы жағдайды реттеп, бұл жүргізушілер мен олардың жұмыс берушілерін жауапқа тартуды сұрайды. Яғни, отандық халықаралық көлік тасымалы компанияларын Қазақстан Республикасының 2014 жылдың  5 шілдесінде қабылданған №235-V ЗРК «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 572 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартып,  олардың болашақта халықаралық жүк тасымалын жасайтың көлікті айдауына тыйым салынуы керек», - деп есептейді одақтағылар.


«Өкінішке қарай, дәл осы әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша жүргізушілер, шағын, орта және ірі кәсіпорын субъектілері жауапқа тартпай келеді. Бұл бап бойынша шағын кәсіп иелері - он, орта кәсіп иелері – жиырма, ірі кәсіп иелері – елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Құқық бұзушылардан төленетін айыппұл бюджетке түспейді», - дейді  ҚазАТО президенті Махсат Сақтағанов.



Баспасөз конференциясына еліміздің өзге қалаларындағы халықаралық көлік тасымалымен айналысатын мамандар да онлайн қатысты. Петропавл қаласындағы "NK-CARGO Ltd" компаниясының директоры Омари Харбедия да жеңілтеліген лизингпен өз елдерінде осы кәсіпті бастағандар ешбір салық төлмей, біздің нанымызға ортақтасып отыр деп қынжылады.



«Халықаралық тасымалдауға қатысты қазір ғаламторды ашып қалсаң, Қытайдан Минскіге дейін тауарды 5 күнде жеткізіп береміз деген хабарландыру көбейіп кеткен. Бір елден екінші елге небәрі бес күн ішінде жеткізіп береміз деудің өзі осы саладағы өрескел бұзушылық», -  дейді ол.



Себебі, халықаралық тасымалдауда жүргізушілердің жолда демалу қағидалары бойынша, әрбір 400 шақырым жүргеннен кейін, жүк көлігі 4 сағатқа тоқтап, оның жүргізушісі 4 сағат демалуы керек. Ал егер екі жүргізуші болса, 800 шақырым жүре алады екен. Яғни жоғарыда келтірілген хабарландыруды негізге алсақ, Қытайдан Минскіге жүкті жеткізу үшін кемінде 10 күн керек екен.


ҚазАТО  ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне  2022 жылдың 13 желтоқсанындағы №715 бұйрыққа толықтырулар мен өзгертулер енгізуді ұсынды. Онда егер «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 572- бабының 1-тармағы бұзылғандығы анықталса, отандық халықаралық көлік тасымалын жасайтын тасымалдаушылардың лицензиясын он екі айға тоқтата тұру көзделген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58