конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мәулен Әшімбаев Танзила Нарбаевамен кездесті

Мәулен Әшімбаев Танзила Нарбаевамен кездесті

Саясат 19.06.2023, 08:59 1,342
Мәулен Әшімбаев Танзила Нарбаевамен кездесті
Сурет: senate.parlam.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев парламентаралық байланысты одан әрі дамытуға мүдделі екенін айтты. Сондай-ақ ол екі елдің Мемлекет басшылары деңгейіндегі өзара сенімге негізделген саяси диалогтың қарқынына назар аударып, заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталғаны туралы жазды ҚазАқпарат.



«Біздің елдеріміз – одақтас және стратегиялық серіктес мемлекеттер. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық бауырластыққа, өзара достық пен тату көршілікке, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи және мәдени байланыстарға табан тірейді. Сондай-ақ екіжақты қарым-қатынас біздің Палаталар арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия арқылы да белсенді дамып келеді. Бұл Комиссия – заң шығару қызметінде тәжірибе алмасуға және өзара диалогты дамытуға мүмкіндік беретін тиімді алаң. Сонымен қатар біз алдағы уақытта Арал мәселесі бойынша да өзбек әріптестерімізбен белсенді іс-қимылды жалғастырамыз деп үміттенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.



Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселесі де талқыланды.


Сонымен қатар Сенат Төрағасы әріптесін Өзбекстанның бүкілхалықтық референдумды сәтті өткізуімен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформаларды іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін жүргізілген жұмыстар жөнінде айтты.


Өз кезегінде, Танзила Нарбаева Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси өзгерістерді жоғары бағалады және екі ел Парламенттері депутаттарының бірлескен сындарлы жұмысы Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #төраға #Мәжіліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Бүгін 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Бүгін 20:40

Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді

Бүгін 20:37

ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 20:34

Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);