Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыр...

Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру

Медицина 10.01.2025, 13:07 779
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша ауқымды шараларды іске асыруда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көлік медицинасы – тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты. Еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) белсенді түрде жұмыс істеп келеді.

2024 жылы 3072 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны «дөңгелектегі емханалардың» көмегімен дәрігерлердің кеңестері мен диагностикалық ем-шараларды алды. Бұл кешендер арқылы бейінді мамандар 1,2 млн консультация, 656 мың диагностикалық, 333 мың зертханалық зерттеу жүргізді.

Қарап-тексеру барысында әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталды, олардың 78,3%-ы ересектер, ал 21,7%-ы балалар. Кәсіптік тексеру нәтижесінде 33,7 мың ауыл тұрғыны диспансерлік бақылауға алынды.

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы 2024 жылы 128 станцияның 104 мың тұрғынына, оның ішінде 21 мың балаға медициналық қызмет көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Пойыз мамандары 240 мың медициналық қызмет, соның ішінде 12,5 мың стоматологиялық ем-шара, 25 мың зертханалық зерттеу, 8 мың шағын хирургиялық операция және 24 мың аспаптық зерттеу жүргізді.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы аясында ауылдық аудандарда медициналық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жалғасуда. 2024 жылы 460 нысанның құрылысы аяқталды, тағы 195 нысанның құрылысы 2025 жылы аяқталады.

Жаңа дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерде:

  • Күндізгі стационарлар;
  • Амбулаториялық оңалту үшін физиотерапия кабинеттері;
  • Зертханалық тексеру кабинеттері іске қосылды.

Телемедициналық кабинеттерде ауыл тұрғындары облыстық және республикалық клиникалардың жетекші дәрігерлерінен қашықтан консультация алу мүмкіндігіне ие болды.

2025 жылы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жоспарланып отыр. Олардың базасында:

  • Кардиологиялық орталықтар;
  • Травматология, реанимация және хирургия бөлімшелері ашылады.
    Бұл шаралар инфаркт, инсульт және жарақат жағдайларында «алтын сағат» қағидатын сақтап, өлім көрсеткішін 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Медициналық кадрларды тарту бойынша жаңалықтар:
Ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқан жас дәрігерлерге қосымша қаржылық ынталандыру, тұрғын үйге жеңілдікті кредиттер және кәсіби өсу мүмкіндіктері беріледі.
2024 жылы өңірлерге 4148 түлек жіберілді, оның ішінде 1233 дәрігер ауылдық жерлерге жұмысқа орналасты.

Медицинадағы жаңа жобалар:

  • "Бір күндік клиникалар" жобасы жүкті әйелдерді пренаталдық диагностикалаудың жаңа әдістерімен қамтиды.
  • "Феталдық медицина" жобасы аясында 20 жатырішілік операция сәтті жүргізілді.

Бұл жобалар ауыл тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, денсаулық сақтау саласында қала мен ауыл арасындағы тең жағдай жасауға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #ауыл #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі