конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Педиатрия орталығында Италия кардиохирургтары шебе...

Педиатрия орталығында Италия кардиохирургтары шеберлік сабағын өткізді

Барлығы 06.11.2025, 15:18 627 Дина
Педиатрия орталығында Италия кардиохирургтары шеберлік сабағын өткізді
сурет: автордан

2025 жылдың 25-30 қазан күндері аралығында Алматыда «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорының «MUMKINDIK» жобасы аясында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Италияның «Ospedale del Cuore. Fondazine Toscana Gabriele Monasterio» (Масса қ., Италия) кардиология орталығының мамандары: балалар кардиохиругы Витали Пак, анестезиолог-реаниматолог Элиза Барбери, балалар кардиолыгы Кьяра Марроне қазақстандық дәрігерлерге шеберлік сабағын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті, - деп хабарлайды AqshamNews.kz.

Шеберлік сабағына Педиатрия орталығының балалар кардиохирург мамандары, сонымен қатар Алматы, Тараз, Ақтөбе, Астана қалаларының кардиохирургтары мен кардиологтары, анестезиолог-реаниматологтар мен рентгенхирургтар, сәулелік диагностика мамандары мен мейірбикелер қатысты.

Шеберлік сабағы аясында күрделі жүрек операциясын қажет ететін 6 балаға жүрек отасы жасалынды. Қазіргі таңда балалардың жағдайлары тұрақты, барлық балалар өкпенің жасанды желдету аппаратынан ажыратылды,  4 бала бөлімшеге емін жалғастыруға ауыстырылды. Барлық 6 балаға жасалған ота сәтті, асқынусыз өтті. Операциялар уақыты 4 сағаттан 6 сағатқа дейін созылды.

Одан бөлек 80-нен аса балаға консультация жүргізілді. Операциядан кейінгі пациентерге реанимация бөлімшесінде күнделікті қарау жүргізіліп, динамикада бақыланып, емі бойынша италияндық мамандармен бірге түзетулер енгізілді.

Италияның кардиохирург дәрігерлері Педиатрия орталығының  кардиохирургтары мен реаниматологтарының және мейіргерлердің кәсіби деңгейінің  жоғары екендігін атап өтті. Сонымен қатар, шеберлік сабақтары мен тәжірибе алмасу  жалғасатынына сенімділік білдіріп, қазақстандық жас мамандарды Италия еліне біліктілігтерін арттыруға шақырды.

Қазақстандағы балалар кардиохирургиясының дамуына ықпал етіп, балалардың сауығып кетуіне және Отандық мамандардың дамуына, кәсіби деңгейін жетілдіруге мүмкіндік бергені үшін  «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорының «MUMKINDIK» жобасына үлкен алғысымызды білдіреміз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кардиохирургия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Бүгін 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Бүгін 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Бүгін 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Бүгін 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);