AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әуезов ауданында 4 алаңқай мен «Сайран» шағынаудан...

Әуезов ауданында 4 алаңқай мен «Сайран» шағынауданы абаттанып жатыр

Барлығы 06.11.2025, 12:06 511 Дина
Әуезов ауданында 4 алаңқай мен «Сайран» шағынауданы абаттанып жатыр
сурет: Алматы әкімдігі

Әуезов ауданында 35 мыңға жуық бұта егіліп, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ондаған аула жаңартылмақ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев осылай деді. Оның айтуынша, ауданда төрт қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы аяқталып қалған.

– Ақсай-4 шағынауданындағы алаңқай,
– 12-шағынаудандағы алаңқай,
– Мамыр-3 пен Жетісу-3 шағынауданындағы жаяу жүргіншілер аймағы.

Бұл аумақтарда жаңадан балалар мен спорт алаңдары, демалыс аймақтары,  тынығатын орындар мен жарықтандыру жүйесі орнатылып жатыр.

«Сайран шағынауданын абаттандыру жобасына ерекше назар аударылған. Мұнда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша 44 тұрғын үй мен ауланың ішкі жолдарын қоса алғанда, бүкіл аумақ жаңартылмақ. Қазір жұмыстың 95%-ы бітті», - дейді аудан әкімі Абзал Егембердиев.

Әкімнің айтуынша, 2026 жылдың екінші тоқсанында Жұбанов көшесін абаттандыру жұмысы да аяқталмақ. Жоба аясында демалыс және спорт аймақтары, балалардың ойын алаңы, бейне камералар, шамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, жаяу және автотұрақ аймақтары ретке келтіріледі.

«Халық қатысатын бюджет» бойынша биыл 30 жоба жүзеге асады. Оның 22-сі – қоғамдық кеңістікті, 8-і – аула аумағын абаттандыруға бағытталған.

Аулалардың жағдайын жақсарту мақсатында қараша айының соңына дейін 23 аулада күрделі жөндеу жұмысы аяқталады. Сонымен қатар, 97 аулада ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Бұдан бөлек, қараша айының соңына дейін магистральды көшелер бойына 35 мыңнан астам бұта (дерен, үрмешөп, раушан ругоза мен бөріқарақат) және 400-ге жуық үлкен ағаш егу жоспарланып отыр. Негізінен Сайын көшесінің бойы көгалданады.

Аудан аумағында 41 мыңнан астам жасыл желек кесіліп, 12 мың ағаш бұталып,  2,5 мыңнан астам ағашты кесу жұмысы жүргізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуезов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);