конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әуезов ауданында көше жарығын орнату жобасы аяқтал...

Әуезов ауданында көше жарығын орнату жобасы аяқталды

Барлығы 06.11.2025, 11:51 495
Әуезов ауданында көше жарығын орнату жобасы аяқталды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әуезов ауданында бұрын жарық желілері мен тіректері мүлдем болмаған 81 аумақта сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату бойынша ауқымды жоба аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте аудан әкімі Абзал Егембердиев хабарлады.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл жобаны іске асыру тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, жайлы жағдай жасау үшін қолға алынған маңызды қадам болды. Көп жылдан бері қараңғы болып келген аулалар мен көшелерге алғаш рет жарық беріліп, ауданның кешкі уақыттағы келбеті едәуір өзгерген.

Жұмысты мердігер ұйым — «RKR Group and Co» ЖШС атқарды. Барлығы қуат үнемдейтін 828 шам орнатылды, оның 507-і көше шамы, 321-і торшерлік шам. Жаңа желінің ұзындығы 15 шақырымнан асып түсті.

Аудан әкімінің айтуынша, қазір жұмыстың көбі бітіп, мердігер ұйым ұсақ кемшіліктерді жойып, жабдықтардың жұмыс істеуін тексеріп жатыр.

Үлкен көшелердің жарықтандырылуына ерекше назар аударылды, себебі жаяу жүргіншілер жолының кей бөліктерінде әлі де жарық жеткіліксіздеу болып тұр. Сайын, Абай, Момышұлы, Төле би, Жандосов пен Райымбек даңғылы ол. Бұлар түгел жарықтандырылады, жұмыстар қалалық Қоғамдық кеңістіктердідамыту басқармасының «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асыратын жобалары аясында жүргізілмек.

«Аталған көшелерде 203 шамы бар кронштейн орнатылды, бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігінқамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді.

Осы шаруалардың арқасында аудан жарық әрі қауіпсіз бола түскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуезов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);