Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?

Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?

Әлеумет 10.01.2025, 13:00 689
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Қайрат Қоныспаев

Енді мопед жүргізушілері толыққанды жол қозғалысына қатысушыларға теңестірілді, олар көліктерін тіркеп, А1 санатының куәлігін алуы қажет.

ІІМ мопедтерді тіркеу үшін құжаттар тізбесін айқындайтын Көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мопедті тіркеу үшін иесі (иесінің өкілі) мына құжаттарды ұсынуы керек:

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру мақсатында) немесе цифрлық құжаттама қызметінен электронды түрде;

Салық кодексінің 553 және 615-баптарында көзделген көлік құралын тіркеу туралы куәлік, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бергені үшін тіркеу алымы мен мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар;

мопедті мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

техникалық құжат (бар болса) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ақпарат;

мопедке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, сәйкестендіру нөмірін тіркеу іс-шаралары жүргізілгенге дейін мопед иесінің өтініші бойынша уәкілетті орган береді;

көлік құралын тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);

алдыңғы көлік құралын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (бар болса);

меншік иесінің өкілі жүгінген жағдайларда келісім немесе сенімхат.

Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін пайдалана отырып, көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару үшін қажетті құжаттар тізбесіне де осындай толықтыру енгізілді.

Бұйрық 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені тіркеу ставкасы 0,25 АЕК (2025 жылы 983 теңге) құрайды. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу үшін 1,25 АЕК (2025 жылы 4 915 теңге) төлеу керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мопед #тіркеу #құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика