AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әуезов ауданында экономикалық өсім байқалады

Әуезов ауданында экономикалық өсім байқалады

Әлеумет 06.11.2025, 12:04 523
Әуезов ауданында экономикалық өсім байқалады
Алматы қаласы әкімдігі

Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны орнықты. Өткен жылы шағын және орта бизнес нысындарының саны 7 пайызға өсіп, 57,1 мыңнан 61 мыңға жеткен еді. Бұл өз кезегінде 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Аудан экономикасына 82 миллиард теңге инвестиция тартылды, бұл қалалық жалпы көлемнің 5,8 пайызы деген сөз. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев осылай деп мәлімдеді.
 
Әкімнің айтуынша, шағын және орта бизнес - аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші. Ауданда қазір 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Биылғы жылдың басынан бері олар 83 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 миллиард теңгеге дейін жеткізбек ойда.

  • Басқа салада да осындай өсім бар. Бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артып, 798 миллиард теңгеге жетті (өткен жылы – 612,7 миллиард теңге болатын). Құрылыс саласы 46 пайызға өсіп, табыс 62 миллиард теңгені құрады.
  • Салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсімі жоспардан асып, жоспардағы 265 миллиард теңгенің орнына 284 миллиард теңгеге жетті. Өсу қарқыны – 125 пайыз.

Осының арқасында Әуезов ауданы Алматыдағы қарқынды дамып келе жатқан ауданның бірі болып, қала экономикасына елеулі үлес қосып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абзал Егембердиев #экономика #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15

Бизнес – экологиялық өзгерістердің серіктесі

Бүгін 12:54

Жастар – экологиялық бастамалардың қозғаушы күші

Бүгін 12:45

Бір реттік акциялардың орнына инфрақұрылым қалыптасып келеді

Бүгін 12:41

Алматыда экологиялық мәдениет қалай дамып келеді

Бүгін 12:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);