ffin.kz

Әр елдің білім жүйесіне қатысты қызықты деректер

Әр елдің білім жүйесіне қатысты қызықты деректер Сурет: Ntv.ru

Әр елдің салты басқа...


"Естімеген елде көп" демекші, Нидерландыда балалар 4 жастан мектепте қабылдана береді. Алайда баланың жасы беске келмейінше, оқу міндетті болып саналмайды.


Иә, дәл солай. Әр елдің салты, тілі, әдет-ғұрпы әртүрлі келетіні белгілі жайт. Тіпті, көп елдің білім алу жүйесі, тәртібі де бір-біріне келе бермейді екен.


Мысалы, Қытайда білім алуда қойылатын талаптың жоғарылығы сондай, балалардың ойын ойнайтын уақыты жоқ. Ең көп үй тапсырмасы осы елдің оқушыларына беріледі екен: аптасына орташа есеппен 14 сағат. Қытайдағы бәсекелестіктің күштілігі соншалық, ата-аналары балаларының құлағына ерте жастан емтихандардан жоғары көрсеткіш көрсетпесе, болашақта жоғары оқу орындарына қабылданбайтынын құя береді.


Ал Оңтүстік Кореяда сабақ біте сала, оқушылардың сөмкелерін алып, үйлеріне қайтуы құпталмайды. Олардан сабақтан соң қалып, сыныпты жинасады, бұл тәртіпке шақыруға баулыса керек. Бұл елде дене шынықтыру және музыка, өнер сияқты сыныптан тыс сабақтарға көп көңіл бөлінеді. Ал жоғары сынып оқушылары уақыттарын кешке дейін  кітапханаларда өткізеді. Кореяда сабақ түнгі 10-ға дейін, тіпті түн ортасына дейін жалғасуы қалыпты құбылыс.


Ал Франция мемлекетінде мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануына қатты мән береді. Мектептегі түскі асқа аса жауапкершілікпен қарайды. Балалардың сэндвич пен газдалған сусындар ішулеріне жол берілмейді. Мұнда оқушылар кешенді түрде әрі тек пайдалы ас ішулері керек.


Тамақтануға берілетін уақыт оқу бағдарламасының бір бөлігі болып саналады. Себебі бұл жерде тек дұрыс тамақтану ғана емес, дастархан басында оқушылардың өздерін ұстауына, этикаға, жақсы әдеттер қалыптастыруына мән беріледі.


Пластик ыдыстар мен қағаз тәрелкелерді қолдануға мұнда рұқсат жоқ. Және бір қызығы, франциялық оқушылар үзілістегі 5-10 минутында біздегідей жүрек жалғап алу үшін асханаға жүгірмейді. Себебі онда тамақтанып алу үшін бір немесе екі сағат арнайы уақыт беріледі.


Финляндияда мектепке 7 жастан ерте қабылдамайды. Оның үстіне ол елде емтиханды өте сирек тапсырады және оқушыларға жасөспірім кезге дейін үй тапсырмасын орындау міндетті емес.


Барлық оқушылар бір сыныпта оқи береді. Тек 16 жасқа толғаннан кейін міндетті бір тест тапсырады.


Ал норвегиялықтар болса, мектеп бітіру кешіне ерекше  мән береді екен. «Руссфайринг» (норвеж тілінен аударған русс – қызыл түсті, яғни мектеп бітірушінің униформасының түсін білдіреді) деп аталатын салттары 20 сәуір мен 17 мамыр аралығында жалғасады.


Бұл дәстүрге сай, жоғары сынып оқушылары жиналып, ескі автокөлік, автобус немесе фургон сатып алады. Одан кейін оны безендіреді. Шамамен бір айға созылатын мектеп бітіру дәстүрінде түлектер жұмысшылар киетін көк түсті комбинезон киіп, оны да түрлі түстерге бояйды.  Оқудың соңғы үш аптасын оқушылар осылай автокөлікте көңіл көтеріп, түрлі кештер ұйымдастырумен бітіріп шығады.


Исландия - табиғаты өте қатал мемлекет. Сол себепті ел азаматтарының жылы жемпір тоқи білгендері жөн. Сондықтан Исландия мектептерінің сабақ кестесінен тоқу сабағын көрсеңіз, таң қалмаңыз.


Дейтұрғанмен әр нәрсенің өз жөні мен реті бар. Білім жүйесі әр заманда ғылым мен технологияның дамуына қарай үнемі өзгеріс пен даму үстінде. Біздің елде де білім саласы жыл өткен сайын өзгеріп, дамып келеді. Мысалы, биылғы жылдан бастап оқушыларға ұлтымыздың бас аспабы – домбыра үйрету жолға қойылды. Бұл арнайы пән емес, десе де, оқушылар арасында ұлттық салт пен ұлттық өнерді баулудың жақсы жолы. Біреудің білім жүйесі бізге таңсық емес. «Әннің де есері бар, естісі бар» дегендей, дамыған елдердің білім жүйесінен іліп алары болса көріп, қажетсіз тұсын сызып тастаған жөн болар. Бастысы, білім қуған, білім іздеген жастар көп болса, еліміз де, болашағымыз да дами бермек.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51