AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Антикор Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа бе...

Антикор Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа бейім негізгі салаларды атады

Әлеумет 18.10.2024, 17:03 1,433 Bakyt
Антикор Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа бейім негізгі салаларды атады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру мегаполистің әлеуметтік маңызды салаларындағы көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Бұл туралы Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында хабарлады.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 385 млн. теңге көлеміндегі артық қаражатты қайтару шаралары қабылданды.

Алматы қаласында жол салумен айналысатын мердігер ұйымдардың қызметін талдау барысында 4 млрд. теңгеден астам салық салу бойынша бұзушылықтар анықталып, мемлекетке 1,3 млрд. теңге залал келтірілгені белгілі болды.

Сонымен қатар, өткен жылы жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау ұсыныстарын орындау аясында заңсыз құрылысқа мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, нормативтік талаптарды бұза отырып салынған 60 құрылыс фактісі анықталды. 

«Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі аралықта жалғастыру» жобасы бойынша жұмыстардың құнының асыра көрсетілу фактілері анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жоба түзетіліп, 1 млрд. теңгеден астам бюджет қаражаты мемлекетке қайтарылды.
Департамент мемлекеттік сатып алулар порталында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізеді. Биылғы жылдың басынан бері мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушыларға хаттар жіберу арқылы осы салада 4,1 млрд. теңге үнемделді.

«Бизнеске жол» жобасы аясында 12 (2 жүйелі) бизнес субъектілерінің проблемалық мәселелері шешіліп, 165 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында 13 мыңнан астам адамды қамтыған 141 түрлі іс-шара өткізілді.
Өткен жылдан бері Агенттік «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын жүзеге асыруда, бұл жобаға Алматы қаласында 256 ерікті қосылды.

Биыл еріктілердің күшімен 2,3 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалану алдын алынды.
36 әлеуметтік нысандар, құрылыс және жол жөндеу жұмыстарына қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Департамент сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды ынталандыру жұмысын жалғастыруда.
Биылғы жылы 6 азамат көтермеленіп, олардың 4-уіне 4,4 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді, 2 мемлекеттік қызметші алғыс хаттармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #антикор #Жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Бүгін 14:03

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойы аталып өтті

Бүгін 13:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);