Алматыда 2040 жылға дейінгі Алматы қаласының Бас жоспарын қоғамдық талқылау басталды
Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС 2040 жылға дейін Алматы қаласының жаңа Бас жоспарын қоғамдық талқылауды бастады. Бірінші күні стратегиялық құжаттың жобасы сарапшылардың, жұртшылық өкілдерінің және қаланың барлық ауданы әкімдерінің қатысуымен талқыланды.
Қазіргі Бас жоспар 20 жылдан астам уақыт бұрын – 2002 жылы бекітілді және қала қажеттіліктерінің өсуі ескерілмеген. Осы уақыт ішінде қала аумағы екі еседен астам өсті – 33 898 гектардан 70 348 гектарға дейін, Алматы халқының саны 2,1 млн адамға дейін көбейді. Шаһар агломерация орталығына айналды, экономикасы өзгерді. Қаланың екі есе өсуі аудандардың әлеуметтік, инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне кері әсерін тигізді.
Бас жоспарға енгізілген түзетулер оны жан-жақты жетілдіре алмады: құжат өзгерістерді ескермеді, өзектілігін жоғалтты және түбегейлі қайта қарауды қажет етті. Сондықтан былтыр Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың 2040 жылға дейінгі дамуын ескеріліп, жаңа бас жоспарды жасау қолға алынды.
Жаңа Бас жоспарды әзірлеу «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалармен» тығыз байланысты. Бас жоспардың басты мақсаты – Алматының барлық аудандарында жайлы қалалық орта құру және өмір сүру сапасын арттыру.
Құжатты әзірлеу кезінде мамандар озық цифрлық технологияларды және әлемдік дизайн тәжірибесін (Space Syntax) пайдаланды. Модельдеу құралдары дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын және олардың ұтқырлыққа, жер құнына, адам денсаулығына қалай әсер ететінін болжайды.
Жаңа бас жоспар Алматының даму векторын белгілейді, олар: агломерациямен неғұрлым тиімді байланыстағы үйлесімді мегаполис, қала тұрғындары мен қонақтарының өмірі, жұмысы, бос уақыты үшін тартымды және жайлы орын қалыптастыру, әлемнің жетекші қалаларының тәжірибесі ескеріледі.
Бұл мақсатқа жету үшін Алматыда 5 жаңа полиорталықтарды дамыту жоспарлануда. Қалалық орта Алматының тарихи орталығының үлгісі бойынша – көшелердің тығыздығы мен құрылыс адамның көбеюіне қатысты қалыптасады.
Жоспарлау кезеңінде барлық қажетті тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік, көлік, цифрлық, коммерциялық және рекреациялық инфрақұрылым қарастырылды. Осының арқасында полиорталықтар өмір сүрудің шағын және жайлы аудандарына, іскерлік және қоғамдық белсенділік орталықтарына айналады, қала тұрғындарының әл-ауқатының өсуі мен «теңесуіне» негіз жасайды. Мәдени және тарихи маңызы сақталатын тарихи орталыққа да назар аударылады, бұл ретте Кеңес кезеңінде салынған шағын аудандарды жаңарту бағдарламасы қолға алынады.
Алматының жаңа Бас жоспарын және полиорталықтардың шеберлік-жоспарларын қабылдау және іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай мыналар көрініс табады:
- Т-тәрізді қиылыстардың көше байланысын барынша жақсарту;
- кеңістік интеграциясы мен байланысты көшелер желісі есебінен тұратын аудандар бір-бірінен және тарихи орталықтан оқшауланбайды, бұл қаланың кез келген басқа нүктесіне оңай жетуге мүмкіндік береді.
«Солтүстік – оңтүстік», «шығыс – батыс» бағыттары бойынша көлік байланысының, сонымен қатар, қоғамдық көлікке бөлінген жолақтардың саны мен сапасының артуы қоғамдық көлікте күнделікті күн сайын пайдалануды 1,6 есеге-2,3 млн.дейін өсуіне әкеледі деп күтілуде.
- кварталдармен бірге көшелердің тығыздығы 5 гектарға дейін болады (10-15 км-2км-ге);
- құрылыстың экономкалық тиімділігі (120 адам/га);
- «Есіктен есікке дейін» үздіксіз жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы (2023 жылы әуежайдан Тұңғыш Президент саябағына дейін жалпы ұзындығы 25 км20 көшелер бойынша жаяу жүргіншілер кеңістігін қайта жаңарту жоспарлануда);
- жасыл кеңістіктер байланысының желісі (скверлер, саябақтар, аллеялар, өзен жағалаулары, променадтар);
- 2040 жылға дейін оқушы орындарының тапшылығын қысқарту, 90-нан астам мектепті пайдалануға беру жоспарлануда;
- 180 мыңға жуық жұмыс орнын құру (2025 жылға дейін – 65 мың), оның ішінде әлеуметтік салада және өмір сүруді қамтамасыз ету қызметтерінде (дәрігерлер, оқытушылар, полицейлер, өрт сөндірушілер және т.б.) шамамен 30%, 70% – мамандандырылған жұмыс орындары.
Қадамдық қолжетімділікте барлық қажетті қамтамасыз ету қағидатына сәйкес сапалы инженерлік және көлік инфрақұрылымы салынады.
Қазіргі кезде Алматы қаласының Бас жоспарының жобасы 2040 жылға дейін қаланың мемлекеттік органдарымен және коммуналдық қызметтерімен келісілді және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығымен құрылған сараптама комиссиясының қарауына жіберілді. Кейбір бөлімдер бойынша сарапшылардың ескертулері мен жергілікті қорытындысы ескерілді.
Жалпы, қоғамдық талқылаудың бірінші күні сарапшылар мен жұртшылық өкілдері бірқатар ұсыныс пен ескерту айтты, келесі кездесу ертең, 26 қаңтарда өтеді. Үшінші күні – 27 қаңтар күні қаланың барлық сегіз ауданы тұрғындары талқылауға қатысады.