конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық хирургтар өздері күрделі ота жасаған сәб...

Алматылық хирургтар өздері күрделі ота жасаған сәбидің тұсауын кесті

Медицина 09.09.2022, 07:45 1,793
Алматылық хирургтар өздері күрделі ота жасаған сәбидің тұсауын кесті
Сурет: Inbusiness.kz

Қазір Ерсайын бір жас екі айда.


Ерсайын өмірінің екінші күні Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығындағы хирургтардың қолына түскен. Жасалған отадан кейін бала клиникада бір жасқа дейін бақылауда болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusuness.kz сілтеме жасап.


Бала асқазан-ішек жолдарының туа біткен ақауы, трахеоөңештік жыланкөз деген диагнозбен туған. Мұндай патологиямен нәресте тамақ іше алмаған. Сондықтан нәресте туғаннан кейінгі екінші күні перзентханадан балалар хирургиясына ауыстырылған.



«Сол күні баланы отаға дайындадық, оған біздің орталыққа тиесілі жаңа технология бойынша ота – торакоскопиялық әдіспен өңештің тікелей анастомозы жасалды. 10 күннің ішінде бала біздің стационарда емделіп, үйге шығарылды. Біздің клиникада 1 жасқа дейін бақылауда болды. Қазір бала бір жас екі айда. Бүгін оның әжесі, атасы мен ата-анасы ұлттық дәстүр – тұсау кесуді маған тапсырды. Олар баласының болашақта дәрігер болғанын, басқалардың өмірін сақтағанын қалайды. Бұл дәстүрді тек таңдаулы адамға ғана сеніп тапсырады. Баланың болашақ тағдыры мен өміріне қатысты болуға қуаныштымыз. Жыл сайын осындай 5-6 балаға рәсім жасаймыз», - дейді балалар хирургі, қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев.



Хирургтер атап өткендей, мұндай ота Алматы Балалар жедел медициналық жәрдем көрсету орталығында 2013 жылдан бері жасалып келеді. Тоғыз жыл ішінде 60-қа жуық жаңа туған нәрестеге ота жасалды. Өткен жылдың өзінде неонатальды хирургтар 10 сәбиді аман алып қалды. Дәрігерлердің тәжірибесі мен біліктілігі оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде аурухана Алматы қаласының тұрғындарына, сондай-ақ еліміздің өзге өңірлерінен келген балаларға көмек көрсетуге дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #Дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Бүгін 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Бүгін 20:40

Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді

Бүгін 20:37

ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 20:34

Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);