Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Есте сақтау қабілетін жақсарту: дәрігер Шерлок Хол...

Есте сақтау қабілетін жақсарту: дәрігер Шерлок Холмстың әдісін атады

Мұны білген жөн 24.10.2025, 09:06 483
Есте сақтау қабілетін жақсарту: дәрігер Шерлок Холмстың әдісін атады
depositphotos.com

Психиатр-дәрігер Александр Мещеряков жадты жаттықтыруға көмектесетін үш жаттығуды айтты. Соның бірі - "есте сақтау сарайы", оны Артур Конан Дойльдің қиялынан туған данышпан детектив Шерлок Холмс та қолданған. Дәрігердің айтуынша, бұл әдіс өте тиімді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

"Өзіңізге жақсы таныс орынды (пәтеріңізді, жұмысқа баратын жолды) елестетіңіз. Есте сақтау керек деректерді ойша сол "сарайға" орналастырыңыз. Қайта еске түсіру керек болғанда, осы "сарайыңызға" кіріп, ойша бір айналып өтіңіз", - деп жазды маман өзінің телеграм-арнасында.

"Есте сақтау сарайы"

"Есте сақтау сарайы" әдісінің шынымен пайдалы екені нидерландтық ғалымдардың зерттеуімен де расталды. Олар екі тәжірибе жүргізді.

Біріншісіне жедел жаттау бойынша әлемдік жарыстарға қатысқан 17 "чемпион" және оларға жасы мен интеллект деңгейі бойынша сәйкес келетін 16 қарапайым адам кірді. Екінші тәжірибеде бұрын есте сақтау әдістеріне үйренбеген 50 адам қатысты. Оларды шамамен тең үш топқа бөлді: біріншісі бір жарым ай бойы "есте сақтау сарайын" қолданды, екіншісі басқа бір әдісті үйренді, үшіншісі мүлде жаттыққан жоқ.

Кейін барлығына сынақ жасалды: ұзын сөздер тізімін ретімен жаттап, кейін оны қайтадан ретімен айтып беру керек еді. "Есте сақтау сарайын" қолданғандар жақсы нәтиже көрсетті: олар 20 минуттан кейін де, бір тәуліктен кейін де көбірек сөзді еске түсірді. Төрт ай өткеннен соң тексерісте де ұқсас нәтиже алынды: бұл топ орта есеппен 50 сөзді қайта айтты, ал қалған екі топта - тиісінше 30 және 27 сөз болды.

 Психиатр Мещеряков шынымен жұмыс істейтін 5 құралды атады:

Жад үшін пайдалы тағы екі жаттығу

  • Бақылау

Кез келген затты таңдаңыз. 2–3 минут бойы оның пішінін, түсін, текстурасын, иісін, жарықтың шағылуын мұқият зерттеңіз.

Сосын көзіңізді жұмып, сол затты бүге-шігесіне дейін ойша елестетіңіз.

Мещеряковтың айтуынша, бұл - зейін практикасынан алынған жаттығу, ол назар аударуды, жадты өте жақсы жаттықтырып, стресті төмендетеді.

  • Досыңа қайта айтып беру

Мақаланы, кітаптың бөлімін немесе басқа ақпаратты оқыңыз.

Кейін негізгі ойды ойша қиялдағы адамға барынша түсінікті әрі қызық етіп "қайта айтып" беріңіз.

Психиатрдың айтуынша, бұл техника миға жатталған сөздерді жай қайталауға емес, ақпаратты қайта құрылымдауға мәжбүр етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психология #есте сақтау #қабілет #дәрігер #жад
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика