Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тоңмайдан жасалатын Nakoni мен Bakoni: қарапайым а...

Тоңмайдан жасалатын Nakoni мен Bakoni: қарапайым ауыл жанұясы кір сабынды қалай кәсіпке айналдырды?

Барлығы 24.10.2025, 10:57 908
Тоңмайдан жасалатын Nakoni мен Bakoni: қарапайым ауыл жанұясы кір сабынды қалай кәсіпке айналдырды?
сурет: Нұрбол Ынтымақұлы/aqshamnews.kz

Әр қазақтың үй шаруасы үшін таптырмас құралына айналған кір сабынды расымен көпшілік түрлі жағдайлар үшін пайдаланады. Кез келген қазақтың үйінен табылатын дәл сол сабынды қарапайым ауыл отбасы өндіреді десем сенер ме едіңіз? Аqshamnews.kz тілшісі Алматыға жақын ауылда қолдан сабын жасап, кәсібін дөңгелетіп отырған қазақ отбасымен тілдесіп қайтты. 

Кәсіп қалай басталды?

Қасен мен Айнұр Тундебаевтар  - Алматы облысы, Бесағаш ауылының тұрғындары. Айнұр ханым мектепте қарапайым аспаз болып қызмет атқарады. Ал Қасен аға - темірден түйін түйген дәнекерлеуші шебер. Олар былтырдан бері өз ауылында кір сабын өндіріп кәсіп қылып отыр. 

"Осыдан бір жыл бұрын жолдасым кір сабын жасап, сатып көрейік деп ұсыныс тастады. Ол кісі өзі сондай еңбекқор адам. Жаздыгүндері дәнекерлеумен айналысса, қыста бос жатқысы келмейді. Солайша осы кәсіпті бастап көрейік деді. Шыны керек, басында сенбеген едім. "Қалай жасаймыз?", "кім алады?" деген сұрақтар болды. Бірақ кейін тәуекел етіп, сабын жасаудың құпиясын оқып, жолдасым өзі аппараттар сатып алып, бастап кеттік", - дейді Айнұр Тундебаева. 

Қазір қарапайым ауыл жанұясының өніміне сұраныс та, қызығушылық та артып келеді. Айнұр ханымның айтуынша, оның кір сабынының ерекшелігі сапасында екен. 

Тоңмай қалай кір сабынға айналады?

Айнұр ханым "ерекше сападағы" кір сабынның неден, қалай жасалатынын әңгімелеп берді. Оның жүйелі түрде жасалатын құпия құрамы да бар екен. 

"Ең бірінші кәдімгі малдың ішмайын алып қазанда қайнатамыз. Қайнатылған майды бөшкеге құйып, түрлі химикаттар араластырып, хош иістендіріп кесуге дайындаймыз. Артынша аппаратқа салып, оны қалыпқа келтіреміз. Кепкенін күтеміз де, ары қарай қораптарға салып жинай береміз", - дейді ол. 

Айнұр Тундебаеваның сөзінше, көпшілік сабынды қандай майдан жасайтынын сұрайтын көрінеді. 

"Менен көбі "ненің майынан жасайсыздар, шошқа емес пе?" деп сұрайды. Біз мұсылманбыз. Ешқандай да шошқа емес, кәдімгі сиырдың, қойдың тоңмайынан осындай дүние шығарып отырмыз", - дейді кәсіп иесі. 

Nakoni, Bakoni: сабындар неге ерекше аталған?

Айнұр ханым хош иісті кір сабындарға Nakoni, Bakoni деген атау берген. Ол оны егіз ұлдары Нұрдәулет пен Бақдәулеттің есімдерімен атаған. 

"Бұл өнім болғандықтан оған атау беру керек болды. Басында ағылшынша soap-сабын деп қойғанбыз. Кейін бір туысымыз ағылшынша емес, қазақша қойсаңдаршы деген соң, ұлдарымның есімімен атадым. Нұрдәулетті Накони, Бақдәулетті Бакони деп еркелетеміз. Қазіргі кәсіп те сол ұлдарымның несібесі" , - дейді Айнұр Тундебаева. 

Екі түрлі атаумен шығатын Nakoni мен Bakoni бір-бірінен құрамы бойынша сәл ғана өзгеше. Біреуі жұпар иісті болса, енді бірі таза тұрмыстық шаруаға арналған. 

"Біз өзіміз осы кір сабынды бәріне пайдаланамыз. Шомылсаң да, бас жусаң да, ыдыс тазаласаң да айнадай қылып береді. Өзіміз сапасына кепілдік бергендіктен ғана саудалап отырмыз", - дейді кәсіп иесі.

"Келешекте үлкен цехқа айналсақ дейміз..."

Ауыл кәсіпкерлері келешекте өз өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазір қолмен жасалып жатқан кір сабын өндірісін жүйелі жолға қою үшін арнайы цех ашу жоспарда бар.

"Болашақта осы кәсібімізді үлкен цехқа айналдырғымыз келеді. Қазірдің өзінде сұраныс көбейіп келеді, тұрақты клиенттеріміз бар. Егер кеңірек ғимарат болса, қосымша адамдарды да жұмысқа алып, өнім түрлерін көбейтуді көздеп отырмыз. Бұл – менің ғана емес, отбасымның ортақ еңбегі мен арманы", – дейді Айнұр Тундебаева. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кәсіп #Сабын #Алматы #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика