AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының 60 қызм...

Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының 60 қызметкері «Өмірге үміт сыйла» науқаны аясында қан тапсырды

Барлығы 23.10.2025, 19:43 796
Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының 60 қызметкері «Өмірге үміт сыйла» науқаны аясында қан тапсырды
Сурет:4 қалалық аурухана

Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасында «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық науқаны аясында Донор күні өтті.

Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылып, донорлық мәдениетті дамыту мен қан құюды қажет ететін науқастарды қолдауға бағытталды.

Науқанға аурухананың 60 қызметкері - дәрігерлер, медбикелер және әкімшілік бөлім қызметкерлері қатысты.

Барлығы 30 литрден астам қан және оның компоненттері жиналды. Қан ауыр жарақат алған, анемия, отадан кейінгі асқыну және донорлық көмекті қажет ететін өзге де жағдаймен күресіп жатқан науқастарды аман алып қалуға бағытталатын болады.

«Біз үшін донор болу - жай ғана рәсім емес, кәсіби әрі адами борышымыздың көрінісі. Әрқайсымыз сын сағатта жатқан науқас үшін бір бірлік қанның қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз», - дейді Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің жетекшісі Диас Даулетбаев.

Қан тапсырар алдында барлық қатысушы терапевтің қабылдауынан өтіп, қан қысымын өлшетіп, зертханалық тексеруден өтті. Іс-шара Алматы Қалалық қан орталығы мамандарының бақылауымен ұйымдастырылды.

№4 қалалық клиникалық ауруханада мұндай іс-шараны өткізу игі дәстүрге айналған. Клиника басшылығының айтуынша, ұжымдық донорлық өзара қолдау мәдениетін қалыптастырып, әрбір адамның өмірді құтқаруға үлес қосып жатқанын сезіндіреді.

«Әр тамшы қан - бір өмірге мүмкіндік. Донор күні - дәл қазір өмір үшін күресіп жатқан жандарға үміт сыйлаудың бір жолы», - деп атап өтті №4 ҚКА ұжымы.

Клиника донорлық науқанды тұрақты түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#донор #Қан тапсыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Бүгін 09:30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

Бүгін 08:00

Елена Рыбакина US Open жеңімпазы атанды

Бүгін 05:00

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Кеше 21:45

Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед әл-Наһаянмен кездесті

Кеше 20:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);