Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыға ИКАО Президенті келді

Алматыға ИКАО Президенті келді

Барлығы 11.07.2025, 14:09 881
Алматыға ИКАО Президенті келді
Сурет: Азаматтық авиация акадмиясы

Қазақстан авиациясы жаңа кезеңге қадам басты

2025 жылғы 9 шілдесінде Алматыдағы Азаматтық авиация академиясында (ААА) ерекше тарихи оқиға болды. Академияға алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келген ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано келді. Бұл сапар елдің жаһандық әуе көлігі жүйесіндегі маңызын айқындады.

Сапар барысында Сальваторе Шаккитано Академия басшылығымен, профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Ол өз сөзінде Қазақстанның азаматтық авиацияны дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалап, заманауи стандарттарды енгізуге, тиімді мемлекеттік саясат жүргізуге және адами капиталға баса көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, авиация — бұл жай ғана ұшу емес, адамдарды, мәдениеттер мен елдерді біріктіретін әлеуметтік-экономикалық дамудың қуатты құралы.

Шаккитано мырза 2050 жылға қарай жолаушылар санының 12 миллиардқа жететінін, көміртекті бейтараптыққа көшу, авиациялық қауіпсіздікті арттыру және гендерлік теңдікке қол жеткізу сияқты маңызды сын-қатерлерді атады. Әйелдердің жаһандық авиациядағы үлесі 5%-дан аспайды, бірақ Қазақстан бұл бағытта оң көрсеткішке ие екені ерекше атап өтті.

Академияда ИКАО ұсынған CBTA (құзыреттілікке негізделген оқыту) моделі енгізілген. Мұнда пилоттар, инженерлер, диспетчерлер мен авиация менеджерлері ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес даярланады. Академия ИКАО және IATA аккредитациясына ие, сондай-ақ ALICANTO және TRAINAIR PLUS бастамаларына қатысады. Бұдан бөлек шетелдік серіктестермен бірлесіп авторлық курстарды әзірлеуде.

Академия ректоры Бекен Сейдахметов бұл сапарды халықаралық интеграция мен даму жолындағы маңызды кезең деп бағалады. Академия білім беру ұйымы болумен қатар, ИКАО-ның өңірлік серіктесіне айналып, авиациялық білім беру саласындағы жаһандық бастамаларды жүзеге асыруға арналған халықаралық платформа болуға ұмтылады.

Сапар нәтижесінде Қазақстанның азаматтық авиациясын 2050 жылға дейін дамыту жөніндегі мастер-жоспар расталды. Құжатта инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу, кадр даярлау сапасын арттыру және Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік хаб ретінде нығайту көзделген.

Сондай-ақ, авиациялық білім беру саласында ғылыми-білім беру кластерлерін құру, шетелдік университеттермен бірлескен бағдарламалар мен ағылшын тіліндегі оқыту жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Азаматтық авиация академиясы азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаноға және ИКАО-ның Еуропа және Солтүстік Атлантика бюросының (EUR/NAT) Өңірлік директоры Николас Раллоға «Азаматтық авиация академиясының Құрметті профессоры» атағын берді.

Бұл сапар — Қазақстан мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңге қадам басқанын білдіреді. Енді екіжақты байланыс тек формалды деңгейде емес, орнықты авиациялық болашаққа бағытталған серіктестік деңгейінде жалғасады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ИКАО #авиация #жаңа қадам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Кеше 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Кеше 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Кеше 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Кеше 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Кеше 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика