AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда "НаркоСтоп" жобасына 3 мыңнан астам ерікт...

Алматыда "НаркоСтоп" жобасына 3 мыңнан астам ерікті қатысып жатыр

Барлығы 28.11.2025, 14:22 566
Алматыда "НаркоСтоп" жобасына 3 мыңнан астам ерікті қатысып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда "НаркоСтоп" жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Қалада нашақорлықпен күреске бағытталған кешенді жоспар аясында төрт мамандандырылған орталық жұмыс істейді. Игі іске 3 мыңнан астам ерікті тартылған. Бұл жөнінде Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты. 

2025 жылдың басынан бері 180-нен астам іс-шара өткізілді. Қала көшелерінде тыйым салынған заттарды жарнамалайтын 18 мыңнан аса трафарет пен граффити боялып өшірілді, 35-тен астам алдын алу бағытындағы бейнеролик әзірленіп, олар әлеуметтік желілерде, LED-экрандарда және қоғамдық көлікте көрсетіліп жатыр.

2024 жылдан бастап кибереріктілік бағыты іске қосылған. Еріктілер тыйым салынған заттарды насихаттайтын сайттар мен парақшаларды анықтайды. 197 ресурс бұғатталып, зертханалар, есірткі сатушылар және үгіттеушілер туралы мәліметтер құқық қорғау органдарына жолданды.

Айта кетейік, Алматыда 14-35 жас аралығында 712,3 мың жас тұрады. Бұл қала халқының 32 пайызы. Қаладағы 35 жоғары оқу орнында және 88 колледжде 296,5 мың студент білім алады, олардың 167 мыңы өзге өңірлерден келген жастар. Жастар саласында атқарылған жұмыстар нәтижесінде оң өзгеріс байқалады: NEET санатындағы жастар үлесі 6,4 пайыздан 5,8 пайызға төмендеді, ал 2025 жылдың екінші тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызға дейін азайды. Бұған Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы мен 2030 жылға арналған орта мерзімді жоспарларды іске асырудың арқасында қол жеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #наркостоп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);