AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қостанай облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы ж...

Қостанай облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда

Әлеумет 11.07.2025, 14:21 624
Қостанай облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда
Сурет Қостанай облысы әкімдігі

Қостанай облысында "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруға арналған кеңейтілген жиын өтті. Аталған шарада облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл бастаманың ұлттық сана-сезім мен болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың көрінісі екенін атап өтті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Аймақ басшысы "Таза Қазақстан" бағдарламасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ұсынғанын, ал бүгінде ол жалпыұлттық сипатқа ие қуатты инфрақұрылымдық жобаға айналып келе жатқанын айтты. Бағдарлама тек қалалармен шектелмей, шалғай ауылдарды да қамти бастады.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Берік Танжариков алғашқы жартыжылдықтағы нәтижелермен бөлісті. Оның айтуынша, 85 мың аула абаттандырылып, 105 көпқабатты үй жөндеуден өтеді. Үш жылда 500-ден астам үй ретке келтірілген. Сонымен қатар, 1030 көше жөнделіп, 17,5 мың көше шамы орнатылады. 123 жаңа балалар және спорт алаңы салынады. Жасыл желек көлемі 105 мың бірліктен асып, заңсыз қоқыс көлемі үш есеге азайған.

Облыстың барлық аудандарында "Жасыл Ел" жастар қозғалысы жұмыс істеп, "Таза аула", "Үздік ауыл" секілді байқаулар өткізіліп келеді. Мәселен, Алтынсарин ауданында 12 ауыл жарықпен қамтылып, саябақтар абаттандырылса, Амангелді ауданында көктем айларында 285 тонна қоқыс шығарылып, 1200 ағаш егілген. Жітіқара ауданында жасанды интеллект арқылы бейнебақылау енгізіліп, күн электр станциялары іске қосылды.

Балалар мен жасөспірімдердің бастамалары да назардан тыс қалмады. Заречное ауылынан 11-сынып оқушысы Ангелина Белослудцева экочеллендждер мен қалдықтарды бөлек жинау бастамасын көтерсе, Узункөл ауданының оқушысы Арсений Бибик "Менің жайлы аулам" байқауының жеңімпазы атанды.

Экологиялық тәртіп пен бақылау бағытында "Эко Патруль" волонтерлік қозғалысы белсенді жұмыс істеп келеді. Олар 100-ден астам нысанды тексеріп, 71 заң бұзушылық анықтаған. Бұл қозғалысқа қолдау ретінде облыс басшылығы материалдық және техникалық көмек көрсететінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, бірқатар ауылдар өз аумағын абаттандыруда белсенділік танытып отыр. Сарыкөл ауданының Сорочинка ауылында "Агро-Парасат" компаниясы тек өз нысандарын емес, бүкіл ауылды көркейтіп жатыр. Тобыл қаласында 600-ден астам тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жиын соңында облыс әкімі Құмар Ақсақалов орман алқаптарын дамыту, чат-бот жұмысын жандандыру, жастар мен кәсіпкерлерді кеңінен тарту сияқты нақты тапсырмалар берді. Мичурин орман алқабын демалыс орны ретінде дамытуға ерекше назар аударылды.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, шынайы экологиялық мәдениет тек күнделікті тәжірибеге айналғанда ғана қалыптасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құмар Ақсақалов #Таза Қазақстан #Қостанай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика