Алматыда мәслихат депутаттары 2025 жылға арналған бюджетті талқылады 

  • 15:35, 28 қараша 2025
Алматыда мәслихат депутаттары 2025 жылға арналған бюджетті талқылады  Алматы әкімдігі

Алматы қаласының 2025 жылға арналған бюджетін қорытынды нақтылау жобасы мәслихат депутаттарының қарауына ұсынылды. Бұл туралы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов қала мәслихатының сессиясында баяндады.

Оның айтуынша, бұл нақтылау – жыл соңындағы негізгі қаржылық параметрлерді оңтайландыруға және бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз етуге бағытталған түзетулердің соңғы кезеңі. Бюджеттік бағдарламалардың барлық шығыс бөліктері салалық комиссияларда жан-жақты талқыланған.

Үнемделген қаржы және қайта бөлу

Мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде 19,5 млрд теңге көлемінде үнемделген қаражат қалыптасқан. Сонымен қатар, бірқатар жобалардың кезең-кезеңімен іске асырылуына және кейбір іс-шаралардың келесі жылға шегерілуіне байланысты 200 млрд теңгені қайта бөлу жоспарланып отыр.

Басқарма басшысы бұл жалпы шығындарды қысқарту емес екенін атап өтті. Қаржыландыру тек орындалған жұмыстардың расталған актілері негізінде жүргізіледі, бұл бюджет қаржысын неғұрлым тиімді әрі мақсатты пайдалануға мүмкіндік береді.

Қосымша қаржыландыруды қажет ететін бағыттар

Жұмыс кестесінен оза отырып жүзеге асырылған жобалар бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау үшін 73,4 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қажеттілігі туындап отыр.

Премьер-Министрдің тұрақтандыру қорларын ұлғайту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бағаны тұрақтандырумен айналысатын ұйымдарды кредиттеуге жергілікті бюджеттен 8 млрд теңге бөлу ұсынылды. Бұл шаралар азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, инфляцияны төмендетуге және бағалардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар

"Құрамыс" шағынауданында салынып жатқан емхананың құрылысын жалғастыру үшін 700 млн теңге қарастыру жоспарланған. Бұл нысанды 2026 жылғы тамыз айында уақытында пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар "Рахат-Мәдениет" және "Боралдай" шағынаудандарындағы жол құрылысын жалғастыру мақсатында 1,8 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.

Қалаішілік бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау үшін 10 млрд теңге бөлу ұсынылды. Бұл тұрғындар үшін қоғамдық көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:49

16:35

16:19

15:53

15:35

15:26

15:23

15:10

15:00

14:45

14:36

14:22

14:10

14:05

12:29

12:25

12:15

12:02

11:43

11:31

11:18

11:08

10:57

10:45

10:33