Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Аида Балаева ТҮРКСОЙ-ды реформалау бастамаларын та...

Аида Балаева ТҮРКСОЙ-ды реформалау бастамаларын таныстырды

Мәдениет 28.11.2025, 17:30 378
Аида Балаева ТҮРКСОЙ-ды реформалау бастамаларын таныстырды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жетекшілігімен Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті.

Жиында Әзербайжандағы Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде жарияланған қорытынды құжаттар мен президенттердің тапсырмалары талқыланды. 

Отырыс барысында 2026 жылға арналған ТҮРКСОЙ ұйымының жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар "Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы" жылының қорытындысы шығарылды. Аида Балаева өз сөзінде айтулы жыл аясында кең ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Жиында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев құттықтау сөз сөйледі. Ол биыл ұйым үш мыңнан астам әртістің түрлі іс-шараларға қатысуын ұйымдастырып, жүздеген басылым мен цифрлық материал шығарғанын тілге тиек етті.

"2025 жылы "Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы" жобасын қолдағаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіремін. Габаладa өткен саммитте Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзі бұл мәртебенің ортақ мәдени кеңістігіміз үшін маңызын айқындай түсті. Биыл біз тарихи оқиғаның куәсі болдық: мемлекет басшылары уақыт талабына сай ТҮРКСОЙ-ды нығайту қажеттігін атап, Бас хатшылыққа осы жұмысты бастауды тапсырды. Бұл жай ғана шешім емес – түркі әлемі елдерінің мәдени ынтымақтастығының болашағын айқындайтын стратегиялық кезең", – деді Бас хатшы.

Отырыс аяғында Аида Балаева 2026 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесі Әндіжан қаласына берілетін болғандықтан, ТҮРКСОЙ-дың уақытша үйлестірушісі міндетін өзбекстандық әріптесі Озодбек Назарбековке тапсырды.

Кездесудің соңында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің декларациясы қабылданды.
Отырыста ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түрікменстанның мәдениет министрі Атагелды Шамырадов, Өзбекстанның мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Әзербайжан Мәдениет министрінің орынбасары Мурад Гусейнов, Қырғызстан Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары доктор Сердар Чам, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев қатысты.

Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) ортақ материалдық және мәдени мұраны сақтау, дамыту және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында түркі елдері мен аймақтарын біріктіру мақсатында құрылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аида Балаева #ТҮРКСОЙ #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Кеше 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Кеше 20:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика