Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Әз Жәнібек ханға арнап жазылған екі қолжа...

Алматыда Әз Жәнібек ханға арнап жазылған екі қолжазбаның факсимильді басылымы таныстырылды

Барлығы 28.11.2025, 15:26 708
Алматыда Әз Жәнібек ханға арнап жазылған екі қолжазбаның факсимильді басылымы таныстырылды
сурет: автордан

Мегаполистегі Орталық мемлекеттік архивте Әз-Жәнібек ханға арналған екі қолжазбаның факсимильді басылымының таныстырылымы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, архив ісінің басты мақсаты – құнды тарихи мұраларды сақтап қана қоймай, оларды заманауи тәсілдер арқылы қоғам игілігіне ұсыну.

Айтулы іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли Астанадан арнайы келіп қатысты. Рустам Әли ұлт тарихы үшін үлкен олжа болып саналатын бүгінгі тың еңбектің дүниеге келуіне септігі тиген «Архив–2025» кешенді жобасына тоқталып өтті.

Осыдан бес жыл бұрын бастау алған жоба аясында республикалық архивтердің ғылыми-экспедициялары Германия, Польша, Чехия, Түркия, Франция, Мажарстан, Үндістан, Иран, Египет, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Беларусь, Катар сынды 14 елде анықтау жұмыстарын жүргізгенін атап өтті. Ғылыми зерттеу нәтижесінде 913-1990 жылдар аралығындағы Қазақстан тарихына қатысты 7000-нан аса құнды құжат жинақталып, ғылыми айналымға енгізілгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, кейінгі бес жылда архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылып, цифрлық жүйелер енгізілген де баса айтты.

Алқалы жиында сөз алған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлур мырза да біздің отандық мұрағат ісіндегі тың жетістіктерге әрқашан тілекші екенін, екі ел арасындағы достық байланыс одан әрі нығая түсетінін жеткізді. 

Сонымен, «Жошы ұлысының тарихи мұрасы» деген атаумен өткен ғылыми іс-шарада Жошы ұлысының даңқты билеушісі Әз-Жәнібек ханға (? – 1357) арнап жазылған 1335 жылғы «Тұрар әл-мулаххас фил-һәйә» (Астрономияға қысқаша шолудың негізгі түйіндері) және 1350/51 жылғы «Тухфәту әл-Хақан фи шарх әл-арба’ин хадисән» (Қағанға тарту: қырық хадистің түсіндірмесі) атты екі қолжазба еңбектің факсимильді басылымдары таныстырылды.

Аталмыш аса құнды қолжазбаны Орталық мемлекеттік архивтің үйлестіруімен жүргізілген археографиялық ғылыми іссапар кезінде колжазбатанушы Өмірбек Қанай Түркия елінің архивінен тапқан болатын.

Көненің көзіндей болған бұл қолжазбалардың факсимильді нұсқасының жарық көруі Жошы ұлысы кезіндегі ғылым мен білімнің даму үдерісін танып-білуге өз септігін тигізіп, тиісті ғылыми зерттеулерге арқау болары сөзсіз.

Сондай-ақ, бұл тың еңбектің тарихи жадыны сақтау және келер ұрпаққа аманат ету жолындағы жүйелі жұмыстың тағы бір айғағы болғаны анық.

«Юсуф бин Мубәрәк эл-Аланидың «Тұрар әл-мулаххас фил-һәйә» атты қолжазбасы – ортағасырда Хорезмнен шыққан атақты астроном, білгір математик Махмұд ибн Мұхаммед ибн Омар әл-Шағминидің (? – 1221) заманында кең таралған «әл-Мулаххас фил-һәйә әл-басита» (Астрономияға қысқаша шолу) атты шығармасына жасалған астрономиялық түсіндірме-шарх. Ал белгісіз автордың «Тухфәту әл-Хақан фи шарх әл-арба’ин хадисән» қолжазбасы Әз Жәнібек ханның жеке тұлғалық қасиеттеріне арналған мадақтаулар мен билеушілер туралы таңдамалы хадистердің жинағы. Онда Жәнібек ханның жомарттық пен ізгіліктің жаршысы ретінде сипатталып, көптеген мешіт-медресе, ханака, дәріхана, шипахана және кітапхана салдырып, ғұламалар мен ғалымдарға қолдау көрсетіп, ілім мен ғылым-білімнің дамуына жағдай жасағаны баяндалады. Қазақ мемлекеттілігінің маңызды бір белесі болған Жошы ұлысының тарихи, мәдени мұрасының бүгінгі күнге дейін жеткен жұрнағы тым аз кездесетінін, сонымен қатар Ұлық ұлыс хан-сұлтандарының құрметіне арналған тарихи шығармалардың да санаулы ғана екендігін ескерсек, Әз Жәнібек ханға арналған аталмыш екі қолжазбаның табылуы отандық тарих ғылымы мен ортағасырлардағы мәдениет тарихы үшін баға жетпес тарихи қазына деуге болады», – дейді жас ғалым, қолжазбатанушы Өмірбек Қанай

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әз Жәнібек #кітап #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59

Ұлтты ұйыстырған ұлы аналар

Бүгін 11:38

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Бүгін 11:31

Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Бүгін 11:29

Алматылық боксшылар дауыс беруге барады

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі