Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық дәрігерлер ауыр инсульттен кейін комаға...

Алматылық дәрігерлер ауыр инсульттен кейін комаға түскен әйелді аман алып қалды

Барлығы 28.11.2025, 17:49 387
Алматылық дәрігерлер ауыр инсульттен кейін комаға түскен әйелді аман алып қалды
Нұржамал Әліш

Алматылық дәрігерлер ауыр инсульттен кейін комаға түскен 67 жастағы әйелді аман алып қалды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

№4 қалалық клиникалық ауруханада медицина саласының кәсіби ортасында кең талқылауға түскен оқиға орын алды. Мұнда аневризманың жарылуымен өткен инсульттен кейін комаға түскен 67 жастағы әйелге үш күрделі ота жасалды. Ал төрт айдан соң ол ақ халатты абзал жандарға алғыс айту үшін ауруханаға өзі келді.
 
Пациент стационарға аса ауыр халде түсті: ессіз  кома жағдайы, дененің сол жақ бөлігінің қимылсыздығы, айқын афазия және ми бағаны құрылымдарының зақымдану белгілері байқалды. Инсульт орталығының дерегінше, тексеру нәтижесі субарахноидалдық-паренхиматоздық қан құйылуды анықтады, бұл - ең қауіпті инсульт түрінің бірі. Ол қарыншаларға қанның өтуімен және ми ісігінің күрт ұлғаюымен қатар жүреді.
 
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайдың басым бөлігі тіпті ауруханаға жетпей өліммен аяқталады. Бұл жолы әр минут шешуші болды. Пациентті мультидисциплинарлық топ -невролог, реаниматолог, нейрохирург және анестезиолог мамандар бірлесіп қабылдады. КТ-дан бастап ангиографияға дейінгі әрбір тексеру кезеңі бөлім меңгерушілері мен №4 ҚКА инсульт орталығы басшылығының қатысуымен өткен консилиумда талқыланып отырды.

Шешім жедел қабылданды: ем тактикасы кідіріссіз құрылып, тар бейінді мамандар толық жұмылдырылды. Дәрігерлер пациенттің өмірі үшін күресте бірінен соң бірі үш ота жасады.

"Ми құрылымдарының қысылу қаупінің аса жоғары болғанын ескере отырып, пациентке үш шұғыл ота жасау қажет болды. Біріншісі - жарылған аневризманы эндоваскулярлық эмболизациялау. Бұл - қан кетуді тоқтатуға және қайта жарылудың алдын алуға мүмкіндік беретін шағын инвазивті нейрохирургиялық әдіс. Екіншісі - сыртқы қарыншалық дренаж орнату. Оның мақсаты - басішілік қысымды төмендету және ми жұлын сұйықтығының айналымын тұрақтандыру. Үшіншісі - ми ішіндегі гематоманы алып тастайтын декомпрессиялық ота. Бұл аса дәл микроскопиялық техниканы қажет ететін көлемді нейрохирургиялық араласу", - деп түсіндіреді Алматы №4 қалалық клиникалық аурухана нейрохирургы Алдонгар Айсаутов.

Кейін, ұзақ уақыт жасанды тыныс алдыру қажет болғандықтан, пациентке трахеостомия жасалды - бұл тыныс алуды қауіпсіз жүргізуге және асқынудың алдын алуға мүмкіндік берді. Пациент жан сақтау бөлімінде бірнеше күн жатты. Осы уақыт бойы мамандар тобы мониторинг жүргізіп, қарқынды терапия қолданды: басішілік қысымды бақылау, нейропротективтік шаралар, тыныс алу мен гемодинамиканы тұрақтандыру, су-электролит тепе-теңдігін түзету. Біртіндеп көрсеткіштер жақсара бастады - ісіну азайды, науқастың сөйлеуі қалпына келе бастады, аяқ-қолына күш қайта орала бастады.

Өміріне төнген қауіп сейілгеннен кейін науқас бейінді нейрохирургия бөліміне ауыстырылып, онда оңалтуын жалғастырды. Үй жағдайындағы оңалту да жақсы нәтиже берді. Бұл кинезиотерапия, логопедиялық жұмыс, нейрондық байланыстарды қалпына келтіруден тұратын ұзақ әрі жүйелі еңбек болды.

Төрт ай өткен соң дәрігерлердің өзі бұны "дұрыс таңдалған тактиканың сирек кездесетін, шабыт сыйлайтын дәлелі" деп атады.
№4 ҚКА нейрохирургия бөлімінің ординаторлар бөлмесіне Валентина Дорофеева кіріп келді. Оның сөйлеуі толық қалпына келген, жүріп-тұруды қайта үйренген:

"Мен осы ауруханаға, өзімді емдеген дәрігерлеріме, барлық медицина қызметкеріне шын жүректен ризамын. Мұнда тек хирургтер ғана емес, адамның өмірі сынға түскен сәтте әрқайсы өз рөлін білетін тұтас команда жұмыс істейді", - дейді Валентина Михайловна.

Бұл оқиға - миға қатысты ауыр зақымданулар кезінде уақтылы әрі тиімді көрсетілген мамандандырылған медициналық көмектің айқын үлгісі. Пациентті жүргізу үдерісі №4 ҚКА мультидисциплинарлық тобы тарапынан ҚР ДСМ қолданыстағы клиникалық хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылды.

Биыл кейінгі 10 айда №4 қалалық клиникалық аурухананың стационарына 794 инсульт жағдайымен түскен пациент және нейрохирург мамандар жедел ми қан айналымының бұзылуы диагнозы қойылған пациенттерге шамамен 300 ота жасаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #Кома #денсаулық #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі