Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыдағы «Әуезов үйі» қайта ашылды

Алматыдағы «Әуезов үйі» қайта ашылды

Мәдениет 27.04.2023, 16:13 1,177
Алматыдағы «Әуезов үйі» қайта ашылды
Сурет: Almaty.tv

Қайта жаңартудан өткен мұражай 7 бөлімнен тұрады.




Алматыдағы «Әуезов үйі» қайта жаңартудан кейін бүгін салтанатты түрде ашылды. Мұражайда заңғар жазушының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертер дүниелер заман талабына сай жабдықталған. Музейде ғылыми қордан бөлек, Әуезовтың киімдері, тұтынған затынан тұратын 200-ге жуық жәдігер қойылған, -деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 


Қайта жаңартудан өткен мұражай 7 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан бастап, өмірінің сан-қилы кезеңін қамтитын экспозициялар қойылған. Қайта өңдеуден өткен үстелі, орындығы мен қаламдары және әдеби шығармаларының қолжазба нұсқасы көпшілікке қайта ұсынылды.



«Бізде Абай журналының электронды түрде сканерлерген нұсқасы бар. Келген қонағымыз оны қазақ, орыс, ағылшын тілінде көре алады. Бұл – 1918 жылы Жүсіпбек Аймауытовпен бірге шығарған журналы. Сол жөнінде нақтырақ дерек аламыз десе, барлық құжаттар осылай жылжытып көруге болады», – деді «Әуезов үйі» мәдени-ғылыми орталығының бас қор сақтаушысы Салтанат Мұқатаева.



Әуезов үйіндегі құнды жәдігердің бірі – үстел. Мұнда Еңлік-Кебек пьессасы, қазақтың тұңғыш музыкалық комедиясы Айман-Шолпан, Қалқаман-Мамыр сынды әдеби шығармалар дүниеге келген. Сондай-ақ Абай жолының 2 томын да осы үстел басында отырып жазған. Мұхат Әуезов ол шығармасы үшін 1949 жылы Мемлекеттік сыйлықты иеленді.


Салтанатты іс-шараға Әуезовтың балалары мен немерелері, шәкірттері мен әдебиет әлемін зерттеуші ғалымдар келді. Олардың арасында ғұмырын Абайтану саласына арнаған, Мұхтар Әуезовтың мектебін көрген, арнайы шеберлігінен өткен Мекемтас Мырзахметов те бар.



«Абайтану» деген қиын тақырып берді. Өте қиын. Әуезов сол кезде «шымшықтан қорыққан тары екпейді» демекші қорықсаң алма, қорықпасаң кіріс» деді. «Абайтану» тарихын 3 жылда жазып шықтым. Сол арқылы Мұхаңмен, Димекеңмен жақсы есте қаларлық сәттер өтті», – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов.



Алматыдағы экспозициялық көрме Мұхтар Омарханұлының 100 жылдығына орай 1997 жылы салынған болатын. Араға 25 жыл салып, мұражай күрделі жөндеуден өтті. Музейде Әуезов туралы деректі фильм тамашалауға арналған кино-зал да бар. Арнайы келген қонақтар бейнетаспадан жазушының дауысын естіп, өсиетін өз аузынан тыңдай алады. Ұйымдастырушылар Әуезов мұрасына деген қызығушылықты одан әрі нығайта түсетініне сенімді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуезов #Мұражай #жаңарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика