AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Әзірге осы деңгейде сақталады": министр ет бағасы...

"Әзірге осы деңгейде сақталады": министр ет бағасына қатысты пікір білдірді

Әлеумет 04.11.2025, 15:28 418
"Әзірге осы деңгейде сақталады": министр ет бағасына қатысты пікір білдірді
Сурет: Astanatv.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Астанада ет бағасы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

- Ет бағасы туралы осыған дейін де айттық. Сыртқы нарықта сұраныс артып, іште баға біраз көтерілді. Қазір тұрақтанып қалды. Бүгін таңдағы статистика бойынша 1 килограмм еттің орташа бағасы 3 249 теңге болып тұр. Кеше дүкендер мен базарларға мамандарды жібергем. Қолымда тіпті суреттері де бар. 3500-3600 теңгеден сатылып жатыр. Иә, кей жерде 4300-5000 теңгеден де сатып тұр. Бірақ бұл "премиум-санатқа" жататын, сүйексіз сылып алып сататын ет. Жалпы орташа баға тұрақты. Әзірге осы деңгейде сақталады, - деді ол.

Министр келер жылға болжам айтудан тартынғанымен, қазіргі деңгейді сақтауға толық мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Келесі жылға алдын ала болжам жасамай-ақ қояйық. Осы деңгейде сақтауға тырысамыз. Өйткені тірі малды сыртқа шығаруға тыйым салғанбыз. Еттің өзін лимитпен квота арқылы шығарып отырмыз. Сондықтан мәселе туындамау керек, - деді Айдарбек Сапаров.

Еске сала кетейік, бұған дейін ет бағасы 15 мыңға дейін қымбаттайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ет бағасы #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика