AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті

Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті

Барлығы 04.11.2025, 14:34 508
Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қазанда Қарттар айлығы мен Республика күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті. 

Айтулы оқиғаларға қатысты қалада барлығы 25 іс-шара өткізіліп, оған 2500 адам қатысты. Бар ғұмырын елді дамытуға, жастарды тәрбиелеуге және отбасы құндылықтарын нығайтуға жұмсаған жандар үшін арнайы 10 ауқымды іс-шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

2025 жылы 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесі «Белсенді ұзақ өмір: тәжірибе және мүмкіндік» атты халықаралық форум өткізді.

Форумның мақсаты - белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету жолында тәжірибе алмасу, қарттарды қолдаудың инновациялық әдістері мен әлеуметтік бағдарламаларды кеңінен талқылау.

Аталған іс-шара аға буынды әлеуметтік қолдау, озық тәжірибелерді енгізу мен өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауға арналған халықаралық алаңға айналды.

Форумға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының» басқа өңірлерден келген өкілдері, шетелдік қонақтар мен қоғамдық бірлестіктер қатысты. Форум бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де панельдік талқылау, бұдан өзге, сәндік-қолданбалы өнер және кескіндеме көрмесі, шебердің дәрістері, шығармашылық қойылымдар, Алматы мен Есік қаласындағы музейлер мен көрікті жерлерге экскурсия ұйымдастырылды.

10 қазанда Алматының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастырған салтанатты іс-шара өтті. Оған 150-ге жуық аға буын өкілдері, еңбек ардагерлері, белсенділер қатысты. Бағдарлама аясында Алғыс хат, естелік сыйлықтар табысталып, өнер жұлдыздарының қатысқан концерт қойылды.

Дәл осы күні «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» Медеу аудандық бөлімшесі «Қарттарым – асыл қазынам» атты поэзиялық кездесу ұйымдастырды. Кеш барысында ауа буын өкілдері мен шығармашылық ұжымдар авторлық өлең оқып, музыкалық композиция ұсынды.
 
15 қазанда халықаралық семинар ұйымдастырылды, оның барысында БҰҰ және Орталық Азия өңірі елдерінің өкілдері Мәуленов көшесі, 46а мекенжайда орналасқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» барды. Қонақтар орталық жұмысымен танысып, шығармашылық көрмені, концерттік бағдарламаны тамашалады және қарттармен жұмыс ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. Бұған қоса, Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылған  Халықаралық Қаттар күніне арналған Оқушылар сарайында өткен концертті де көрді.

17 қазанда Art Galaxy Alma Ata галереясында «Біздің Қазақстан» кескіндеме және бейнелеу өнері көрмесі салтанатты түрде ашылды, мұнда қарттардың 100-ге жуық жұмысы қойылды. Көрме 17 қарашаға дейін жалғасады (Назарбаев көшесі, 223, «Алма-Ата» СОО).

22 қазанда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» орталық бөлімшесінде «Өркенде, қазақ халқы!» мерекелік іс-шара өтті. Оған зейнеткерлер, қаланың белсенді тұрғындары қатысты. Іс-шараға қатысқандар естелік айтып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

Дәл осы күні Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Республика күніне арналған шахмат фестивалі өтті. Турнирге алматының қарт тұрғындары қатысты. Шахмат турнирі егде жандарға   ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.

24 қазанда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» Медеу бөлімшесінде өткен «Жаса, Қазақстан!» концерті мерекелік іс-шараларды одан әрі жалғастыра түсті. Қарт кісілер ән айтып, өнерін ортаға салды. 

2025 жылы 31 қазанда «Конкордия» студенттік театрының ғимаратында Алматының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесі ұйымдастырған жыл сайынғы дәстүрлі «Ұзақ өмір сүру фестивалі» өтті.

Фестиваль Қарттар айлығының шаһарда жоғары деңгейде өткенін айшықтай түсті. Оған қаланың барлық ауданының қарттары қатысып, өнер көрсетті. Домбьырадан күй төгіліп, түрлі шығармашылық қойылымдар ұсынылды.

Ұйымдастырлған іс-шаралар мемлекет пен қоғамның аға буын өкілдеріне ерекше назар аударатынын, ұрпақтар сабақтастығы мен бірлік рухын нығайта беретінін көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қарттар айлығы #іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика