Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Киберполицейлер 87 жастағы қарияның 39 млн теңгесі...

Киберполицейлер 87 жастағы қарияның 39 млн теңгесін сақтап қалды

Заң мен тəртіп 04.11.2025, 11:12 334
Киберполицейлер 87 жастағы қарияның 39 млн теңгесін сақтап қалды
Сурет: Polisia.kz

Елордада полицейлер алаяқтар ұрлаған 39 миллион теңгені зейнеткерге қайтарды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оқиға биыл тамыз айында болған. Белгісіз адамдар мессенджер арқылы зейнеткермен байланысып, өздерін полиция мен Ұлттық банктің қызметкерлері ретінде таныстырған.

Олар 87 жастағы қарт адамды "пәтеріңізді бөтен адамдар өз атына рәсімдеп, сатуға шығарды" деп сендіріп, мүлкін сақтау үшін пәтерін өзі сатып, қаражатты "қауіпсіз есепшотқа" аударуға шақырған. Алаяқтар зейнеткерді Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық банк "қылмыскерлерді ұстауға бағытталған құпия операция жүргізіп жатыр" деп иландырып, бұл туралы ешкімге айтпауын қатаң ескерткен. Олардың айтқанын орындаған ер адам риэлторлық компания арқылы пәтерін сатып, 39 миллион теңгені курьерге тапсырған. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қылмысқа қатысы бар 23 жастағы ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады. Тексеру кезінде күдіктіден 39 миллион теңге табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген қаражат иесіне қайтарылды. Биылғы жылдың басынан бері елорда аумағында үш мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Полицейлердің айтуынша, мұндай қылмыстардың басты нысанасы — 50 жастан асқан азаматтар. Себебі олар көбіне қаржылық сауаттылықтың төмендігінен алаяқтардың құрбанына айналады. Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеуге шақырады. Полиция қызметкерлері ешқашан мүлікті сатуды, несие рәсімдеуді немесе ақшаны "қауіпсіз есепшотқа" аударуды сұрамайды. Осындай мазмұндағы қоңырау түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#киберполиция #Алаяқтар #зейнеткер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика