AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «JARQYRA» республикалық кастингі өз мәресіне жетті

«JARQYRA» республикалық кастингі өз мәресіне жетті

Мәдениет 04.11.2025, 11:45 490 dulatbekova
«JARQYRA» республикалық кастингі өз мәресіне жетті
Сурет: Gov.kz

15 қыркүйек күні елімізде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының" ұйымдастыруымен ауқымды республикалық "JARQYRA" кастингі өтті.

Жоба бүкіл Қазақстанды қамтыды. Кастинг еліміздің 19 қаласында бір мезетте өтіп, отандық кинематография тарихындағы ең ірі шаралардың бірі болды. Сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін мәдениет ошақтарында өткен іріктеуге 1000-нан астам адам қатысып, ұлттық киноның бір бөлігі болуға ниет білдірді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қатысушылардың қатарында облыс орталықтарынан бөлек, аудан-ауылдан келген тұрғындар да болды. Бұл қазақстандықтардың кино өнеріне деген ықыласын, жоғары деңгейдегі қызығушылығын және де шығармашылық салада өздерін сынап көруге деген ұмтылысын көрсетті.

Қатысушылардың анкеталары Сараптама кеңесі тарапынан мұқият зерделенді. Бағалау кезінде актерлік қабілет, сахналық образды бейнелеу шеберлігі және кәсіби дамуға деген әлеует ескерілді. Кастинг қорытындысы бойынша 705 қатысушы Кино орталықтың актерлік базасына енгізілді.

"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының" Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали кастингке қатысушылардың жоғары деңгейін және жобаның салалық маңызын атап өтті:

“JARQYRA” кастингі Қазақстанда қуатты шығармашылық әлеуеттің бар екенін және түрлі буын өкілдерінің кино саласында кәсіби жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті. Әр қатысушының шығармашылық көзқарасы, тәртібі мен шынайы ынтасы қуантады. Іріктеу оңай болған жоқ. Сараптама кеңесінің алдында көптеген дарынды үміткерлердің арасынан үздіктерін таңдау міндеті тұрды. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы отандық киноиндустрияны дамыту, жаңа есімдерді ашу және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыра береді".

«JARQYRA» жобасы - ұлттық киноны дамытуға, саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға және отандық кинематографтың өркендеуіне үлес қосқысы келетін шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған.

Кастингтен өткен қатысушылардың анкеталары Кино орталығының ресми сайтына – www.kazakhcinema.kz – орналастырылады. Онлайн актерлік база продюсерлер мен кинокомпанияларға жаңа есімдерді ашуға, дарынды актерлерді табуға және болашақ фильмдерге шығармашылық топтар құруға мүмкіндік беретін заманауи құралға айналады.

Ауқымды «JARQYRA» кастингі Қазақстанда ұлттық киноны дамытуға ынталы, белсенді әрі талантты буынның өсіп келе жатқанын көрсетті. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бұл бастаманы әрі қарай дамытып, жас мамандардың кәсіби жетілуіне қолдау көрсетуді жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«JARQYRA» #республикалық кастинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);