AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / 8 өңір әкіміне футбол клубтарын жекешелендіру жұмы...

8 өңір әкіміне футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын күшейтуді тапсырды

Спорт 04.11.2025, 13:39 438 dulatbekova
8 өңір әкіміне футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын күшейтуді тапсырды
Сурет: Astanatv.kz

Спорт инфрақұрылымы мен бұқаралық спортты дамытудың 2026–2028 жылдарға арналған жол карталарын әзірлеп, бекіту қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

- Футбол клубтарын жекешелендіру туралы Президент үндеуіне кәсіпкерлер үн қосып жатыр. Біз кәсіпқой спорт үшін сапалы резерв құруымыз керек. Спорт мектеп-интернаттарының дамуына да көңіл бөлу қажет. Бірқатар өңірде, мысалы, Ұлытау, Абай, Алматы және Қостанай облыстарында әлі күнге дейін мұндай мекемелер жоқ. Атырау облысында спорт мектеп-интернатын салу жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатыр. Аталған оң тәжірибені пайдалануға болады, - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының айтуынша, Астанада жеке инвестициялар есебінен құрылған инновациялық балалар орталықтарының желісін дамыту бойынша табысты тәжірибе бар. Оны басқа өңірлерде де қолдану қажет.

- Спорт инфрақұрылымын дамыту қарқынын сақтап қалу маңызды. Сондай-ақ спорт саласын цифрландыру процесін жеделдету керек. Ең алдымен, «Е-Sport» ақпараттық жүйесін енгізу жұмысын жандандыру қажет, - деді ол.

Осы орайда Премьер-министр бірқатар мәселеге жеке-жеке тоқталды.

- Бірінші. Өңір әкімдіктері мен Туризм және спорт министрлігіне биылғы 20 желтоқсанға дейін Спорт инфрақұрылымы мен бұқаралық спортты дамытудың 2026–2028 жылдарға арналған жол карталарын әзірлеп, бекітуді тапсырамын. Екінші. Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Шымкент және Астана қалаларының әкімдері футбол клубтарын жекешелендіруге инвесторлар тарту жұмысын күшейтсін. Үшінші. Өңір әкімдіктері бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Қолжетімді спорт» жобасын іске асырып, жаттықтырушы-нұсқаушылар санын, әсіресе ауылдық жерлерде арттыру мәселесін қамтамасыз етсін, - деді Үкімет басшысы.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#8 өңір #жекешелендіру #жұмысын күшейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);