конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда дәнді және басқа да ауыл шаруашылығы д...

Қазақстанда дәнді және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының рекордтық өнімі жиналды

Әлеумет 04.11.2025, 10:33 417 dulatbekova
Қазақстанда дәнді және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының рекордтық өнімі жиналды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында 2025 жылғы егін жинау жұмыстарының қорытындылары туралы баяндады.

 Ол аяқталған маусым ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсімін көрсеткенін атап өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

«Биыл тек дәнді дақылдар бойынша ғана емес, сонымен қатар бұршақты және майлы дақылдар сияқты жоғары рентабельді әрі сұранысқа ие дақылдар тұрғысынан да рекордтық жыл болды. Бұл дақылдарға егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде ерекше назар аударылды»,— деді Айдарбек Сапаров.
Министр бүгінгі күні республика бойынша астық жинау аяқталғанын, 16 млн гектар алқаптан гектарына 17 центнер орташа өнімділікпен 27 млн тонна астық қамбаға құйылғанын атап өтті. Бидай 12,2 млн гектардан жиналып, 20,3 млн тоннасы бастырылды – бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты млн тоннаға көп. Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде бидайдың егіс көлемі шамамен 900 мың гектарға қысқарғанымен, өндіріс көлемі азаймай, керісінше артты. Бұл озық агротехнологиялардың тиімділігін дәлелдейді. Министрдің сөзінше 4 млн тоннаға жуық арпа жиналған. Бұршақ дақылдарының түсімі алғаш рет 1 млн тоннаға жетті. Майлы дақылдар бойынша бүгінгі күннің өзінде рекордтық 4,3 млн тонна жиналды және егін жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар 2,9 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Мақта жинау жұмыстары аяқталды. Тамшылатып суаруды қолдану нәтижесінде кейбір шаруашылықтар гектарынан 50 центнерге дейін өнім алды. Жалпы алғанда, орташа өнімділік 30 ц/га деңгейінде қалыптасып, 428 мың тонна шитті мақта жиналды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға көп.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #рекордтық өнім #жинау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басты — Олжас Бектенов

Бүгін 09:18

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:14

Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды – Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгін 08:05

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);