AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Назарбаев мектептері мен университетінің жұмысы қо...

Назарбаев мектептері мен университетінің жұмысы қоғамдық бақылауға алынуы мүмкін

Білім және ғылым 27.04.2023, 16:10 1,818
Назарбаев мектептері мен университетінің жұмысы қоғамдық бақылауға алынуы мүмкін
Сурет: Inbusiness.kz

«Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасында Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбев университетінің жұмысына қоғамдық бақылау орнату туралы нормалар енгізілуі мүмкін.


Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  



«Мұндай түзетуді заң жобасына депутаттар енгізіп жатыр. Бізде автономдық білім беру ұйымдары бар. Соның ішінде Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті осы мәселелерде заңмен қамтылуы керек деген түзету енгізіліп отыр. Оны жұмыс тобы қарайды. Мысалы, «Самұрық-Қазынаның» да әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтары қоғамдық бақылауға алынуы керек деген түзету ұсынылып отыр», - деді депутат.



Айтуынша, депутаттар бұл түзетуді қоғамның сұранысы бойынша ұсынып отыр.



«Автономды білім беру ұйымдарының ашықтығы бойынша, жалпы қоғамдық бақылау мәселесі маңызды болғанын білесіздер. Қоғамда көп сұрақтар көтерілді. Депутаттар соның негізінде ұсыныс енгізіп отыр. Қажет болса, қоғамдық бақылау орнатылады. Өйткені, автономды білім орындары дегенімізбен, олар да бюджеттен қаржыландырылады ғой. Депутаттар бюджеттен кетіп жатқан қаражаттың тиімділігі бойынша, басқа да қоғамдық бақылауды жүргізуге мүмкіндік болу керек деп отыр. Біздің жұмыс тобы осының бәрін қарап, жақында нүктесін қойып, екінші оқылымға әзірлейді», - деді Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Назарбаев мектептері #университеті #қоғамдық бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);