AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Қала жер орталығы» КМК басшысын тағайынд...

Алматыда «Қала жер орталығы» КМК басшысын тағайындау үшін конкурс жарияланды

Барлығы 04.11.2025, 11:22 503
Алматыда «Қала жер орталығы» КМК басшысын тағайындау үшін конкурс жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы «Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қала жер орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры» бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қала жер орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы, мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155, телефон: 8 (727) 378 45 28.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою саласында қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ осы учаскелерді ғимараттардан (тұрғын үйлерден, құрылыстардан және т.б.) босату.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Кәсіпорынның қызмет саласына сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторларына сай басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілі болуы қажет.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Қазіргі заманғы шаруашылық жүргізу мен ұйымды басқару әдістерін, стратегиялық жоспарлауды, экономикалық көрсеткіштер жүйесін, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау мен орындау тәртібін, кәсіпорынның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу тәртібін, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу қағидаларын, еңбекті және өрт қауіпсіздігі талаптарын білу қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестациядан өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1.     конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.     мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған түйіндеме (резюме);

3.     белгіленген тәртіппен куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4.     еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінділер, белгіленген тәртіппен куәландырылған;

5.     № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өз білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлық деңгейі туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттар көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан берілген ұсыным хаттар және т.б.).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының ресми сайтында www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zher?lang=ru конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90, 8-қабат, Әкімшілік-қаржы бөлімі (802 бөлме).

Конкурсқа жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін, үміткерлер Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасында 10 күнтізбелік күн ішінде әңгімелесуден өтеді.

Анықтама телефондары: 8 (727) 229 21 51, +7 771 822 66 42

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бос лауазым #конкурс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика