Алматыда Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта құру жұмыстары әкімдіктің қатаң бақылауына алынды

  • 17:20, 22 қыркүйек 2025
Алматыда Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта құру жұмыстары әкімдіктің қатаң бақылауына алынды Алматы әкімдігі

Бүгін БАҚ өкілдеріне Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта жаңғырту жобасы таныстырылды. Журналистерге жобаның орындалу барысы көрсетіліп, сұрақтарына жауап берді.

Қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, қайта жаңғырту 5,7 шақырымдық аумақта – №1 тұндырғыштан бастап Абай даңғылына дейінгі бөлікте жүргізіліп жатыр. Жоба аясында іргелес аумақты абаттандыру көзделген. Қазіргі таңда жұмыстардың 40%-дан астамы орындалды. Басқарма мамандары нысанның жай-күйін күнделікті бақылап отыр. Сонымен қатар, техникалық қадағалау және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы тарапынан тұрақты бақылау жүргізіледі.

Жобаның мердігері – «Павлодар өзен порты» АҚ. Компания өкілі Сергей Житиневтің айтуынша, қайта жаңғырту жоспарға сай жүріп жатыр, жобаны аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Жұмыс аясында ескі әрі деформацияланған гранит тақталары алынып, гидрооқшаулағыш қабаты бар жаңа тақталар орнатылады. Жиектастар жаңарып,жүргінші және техникалық жолдар абаттандырылады. Гидравликалық сынақтардан кейін анықталған ақаулар жойылып, тегістеу қабаты төселеді.

Сондай-ақ, жасыл желекті автосуару үшін сорғы станциясы орнатылады. Өзен бойына ағаштарды жаппай егу 2026 жылы көктемге жоспарланған. Жобаға жарамсыз қоршауларды алып тастау және жаңарту, сондай-ақ көпірлерді жөндеу жұмыстары – тазалау, грунттау және бояу кіреді.

«Барлық жұмыс жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Қажет болған жағдайда, тұрғындардың өтініші бойынша қосымша түсу және көтерілу жолдарын қарастыруға дайынбыз», – деді мердігер ұйым өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:00

17:48

17:41

17:20

17:11

16:45

16:36

16:20

16:10

15:49

15:39

15:27

15:09

15:04

14:59

14:33

14:07

13:55

12:30

12:04

11:45

11:27

10:59

10:40

10:27