AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада Жұмысшы мамандықтар аллеясы ашылды

Астанада Жұмысшы мамандықтар аллеясы ашылды

Әлеумет 22.09.2025, 13:55 509 Bakyt
Астанада Жұмысшы мамандықтар аллеясы ашылды
aqshamnews.kz

20 қыркүйекте Астана қаласындағы Сарайшық ауданында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жаңа сквер – Жұмысшы мамандықтар аллеясы ашылды. Бұл алаң еңбек адамдарына деген құрметтің, сондай-ақ жұмысшы кәсіптердің ел дамуына қосқан үлесінің символына айналды.

Салтанатты іс-шараға қала тұрғындары, түрлі сала мамандары, қоғам белсенділері мен депутаттар қатысты. Сарайшық  ауданы әкімі Мақсат Саматұлының айтуынша, бұл бастама Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына орай жүзеге асырылған.

Мерекелік шараның жарқын сәттерінің бірі – арнайы муралдың ашылуы болды. Онда түрлі жұмысшы мамандық иелері бейнеленген.Скверді абаттандыру жұмыстары 3 ай бойы жүргізіліп, ашылу күні толық аяқталды. Жобалау барысында аудан тұрғындарының ұсыныстары ескеріліп, аллея жергілікті халықпен бірлесе отырып жасақталды.

Шара барысында 400-ден астам қылқан жапырақты ағаш отырғызылды.

– Жергілікті тұрғындар дәл осы жерде сквер болса екен деп тіледі. Біз сол арманды іске асырдық. Енді бұл орын қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналатынына сенемін, – деді Мақсат Саматұлы.

Аллея – еңбекке құрметтің белгісі, жұмысшы кәсіптерді дәріптейтін мәдени және әлеуметтік іс-шаралар өтетін алаң болады. Сонымен қатар, шара барысында «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары да марапатталып, еңбек саласының үздіктері лайықты бағасын алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аллея #еңбек #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);