AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жеделсаты, білім: Алматы мен Оңтүстік Кореяның Кён...

Жеделсаты, білім: Алматы мен Оңтүстік Кореяның Кёнсан-Намдо провинциясы келісімге қол қойды

Барлығы 22.09.2025, 16:36 641 Сұлу
Жеделсаты, білім: Алматы мен Оңтүстік Кореяның Кёнсан-Намдо провинциясы келісімге қол қойды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Корея Республикасының Кёнсан-Намдо провинциясының губернаторы Пак Ван Сумен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар үш негізгі меморандумға қол қойды. Атап айтқанда, Алматы мен Кёнсан-Намдо арасындағы серіктестік пен тәжірибе алмасу, жедел саты саласын бірлесе дамыту және шетелдік студенттерді тарту мәселелері бойынша уағдаластық жасалды. Бұл құжаттар іскерлік қарым-қатынасты бекемдеуге, жоғары технология мен білім беру саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруға және тәжірибе алмасуға жол ашады.

Дархан Сатыбалды білім беру бағытындағы әріптестіктің ерекше маңызы бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Оңтүстік Корея Азия-Тынық мұхиты өңірінде білім беру саласының көшбасшысы саналады. Былтыр шетелдік студенттер үшін ең қолайлы мемлекеттердің бірі деп танылған.
 
«Біз білім саласындағы байланысты нығайтуға мүдделіміз. Сіздің делегацияңызбен бірге Чанвон университеті мен Корея жедел саты индустриясы университетінің ректорларының келуі осы бағыттың маңызын айғақтайды. Әсіресе, инженерлік-техникалық және IT салалары біз үшін аса маңызды. Бұл мамандықтар Алматы мен Қазақстан экономикасын дамытуда стратегиялық мәнге ие», – деді қала басшысы.

Әкім сондай-ақ, Алматы мен Оңтүстік Корея арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. 2025 жылдың алғашқы жартысында шаһарға Корея Республикасынан 10 мыңнан астам турист келген.


 
Өз кезегінде губернатор Пак Ван Су Кёнсан-Намдо провинциясының Алматымен өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Әсіресе, жедел саты өндірісін өркендету және еркін экономикалық аймақ аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілетінін атады. Ол қол қойылған меморандумдар Корея мен Қазақстан арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің берік іргетасына айналып, жаңа технология алмасуға, инвестиция тартуға және инновациялық бастамаларды жүзеге асыруға серпін беретініне сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Оңтүстік Корея #жеделсаты #келісім #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);