AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Аорта аневризмасы жарылған: алматылық дәрігерлер е...

Аорта аневризмасы жарылған: алматылық дәрігерлер ер адамның өмірін құтқарып қалды

Барлығы 22.09.2025, 10:59 637 Сұлу
Аорта аневризмасы жарылған: алматылық дәрігерлер ер адамның өмірін құтқарып қалды
Алматы әкімдігі

Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері медицинадағы ең қауіпті жағдайлардың бірі — құрсақ аортасының аневризмасы жарылған науқастың өмірін сақтап қалды.

Пациент қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілді. Оны бел мен іш аймағындағы қатты ауырсынулар мазалап, әлсіздік пен өңінің бозаруы байқалды. 

Профессор Серік Тұрсынбаев пен қан тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Рахман Сапарбаевтың бірлескен тексеруінің нәтижесінде бірден диагноз қойылды: құрсақ аортасының аневризмасы жарылуы.

Бұл жағдай көбіне қайғылы аяқталады. Медициналық статистикаға сәйкес, мұндай науқастардың 90%-ы ауруханаға жетпей көз жұмады, ал жедел операция жасалғандардың тек 10–20%-ы ғана аман қалады.

Санаулы минуттар ішінде анестезиологтар Игорь Кимнің жетекшілігімен науқасты операцияға дайындады. Кейін қан тамыр хирургтарының бригадасы аса күрделі операция — аневризманы резекциялау және аортаны протездеуді сәтті жүзеге асырды.

Араға екі күн салып науқастың жағдайы тұрақталып, ол жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Бүгінде ол өздігінен қозғалып, үйіне шығаруға дайындалуда.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдай — сирек кездесетін сәттілік.

Аневризманың алдын алудың ең тиімді жолы — оны дер кезінде анықтау.
65 жастан асқан ер адамдарға, әсіресе темекі шегетіндерге, ауру қаупін жоққа шығару үшін құрсақ қуысының УДЗ-ін бір рет өткізу жеткілікті. 

Сондай-ақ темекіден бас тарту және қан қысымын бақылауда ұстау аневризма дамуының ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді. Ал егер аневризма анықталса, қан тамыр хирургының тұрақты бақылауында болу жоспарлы операция жасауға мүмкіндік береді. Бұл — шұғыл операцияға қарағанда ондаған есе қауіпсіз.

Пациент өзіне екінші өмір сыйлаған кәсіби шеберлігі, үйлесімді іс-әрекеті және жанқиярлық еңбегі үшін Орталық қалалық клиникалық аурухана ұжымына шынайы алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);