Футбол билеттері неге қымбат? "Қайрат" пен Еуропа клубтарының билет бағасы талқыға түсті

  • 15:49, 22 қыркүйек 2025
Футбол билеттері неге қымбат? "Қайрат" пен Еуропа клубтарының билет бағасы талқыға түсті сурет: sport.kg

Алматыда өтетін "Қайрат" - "Реал Мадрид" ойынына билеттер бағасы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Көпшілік құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін баратын билеттерді қымбатсынып жатыр. Бұл бағаны Еуропадағы клубтардың билет бағасымен салыстырсақ айырмашылық бар ма? Аqshamnews.kz материалынан біліңіз.

15 қыркүйекте "Қайрат" футбол клубының ресми сайтында UEFA Чемпиондар лигасының ойындарына арналған билеттің бағасына қатысты ақпарат жарияланды. Ақпаратқа сай, "Қайрат – Real Madrid" ойынының билеті 23 қыркүйекте сатылымға шығады. Билетті тек клубтың ресми сайтынан және Ticketon платформасынан алуға болады: құны 30 000 – 250 000 теңге арасында.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде билеттің құнына наразы жұрттың қарасы көбейіп, түрлі пост тарай бастады. Соның ішінде журналист Сырым Итқұлов Telegram арнасында "Қайраттың" матчтарындағы билет құнын сынға алып, Еуропадағы кейбір футбол клубтардың бағасымен салыстырып көрді. Оның айтуынша, Миландағы San Siro стадионында билет құны €16 (≈ 8 500 тг), Лондондағы Tottenham Hotspur Stadium-да £30 (≈ 15 000 тг) болса, Мадридтегі Wanda Metropolitano-да €35 (≈ 16 000 тг) дейді. Сондай-ақ, Қайраттың Алматыдағы 4 матчқа арналған пакетінің құны тіпті 1 млн-ға дейін баратынын атап өтті.

Factcheck.kz осы тұста Еуропадағы клубтардың кейбіріне шолу жасап, билет құнын анықтап, салыстырып көрді.

"Қайрат" ФК қарсыластарының билет құнына үңілсек...

28 тамызда UEFA Чемпиондар лигасы жалпы кезеңіндегі 36 команда арасында жеребе жасалды. Жеребеде Қайраттың өз алаңындағы және сырт алаңдағы қарсыластары анықталды. Алматыға Испаниялық Real Madrid, Кипрлық Pafos, Грекиялық Olympiakos және Белгиялық Club Brugge келетін болса, сырт алаңда Англиялық Arsenal, Итальяндық Inter, Португалдық Sporting және Даниялық Copenhagen-ге қонаққа барады. Енді әр команданың чемпиондар лигасы аясындағы өз алаңында өткізетін ең алғашқы ойынының билет бағасын және "Қайрат – Real Madrid" арасындағы ойынның билет құнын еуроға айналдырып, салыстырып көрдік.

  • Kairat: шамамен €46 – €390 еуро арасы;
  • Real Madrid: €90 – €590 еуро арасы;
  • Olympiakos: €40 – €350 еуро арасы;
  • Pafos: €20 – €330 еуро арасы;
  • Club Brugge: €175 – €380 арасы;
  • Arsenal: £44.80 – £84.00 (≈ €51 – €97) арасы;
  • Inter: €21 – €350 еуро арасы;
  • Sporting: €20 – €88 арасы;
  • Copenhagen: 500 – 1750 дат кроны (≈ €67 – €235).

Қайраттың қарсыластары арасында ең арзан билет €20 еуродан басталса, ең қымбаты €590 еуроға дейін барады. Теңгеге шаққанда шамамен 13 000 мен 378 000 арасында болады.

ЧЛ-ға алғаш қатысып отырған клубтардың билет құны қанша?

Биылғы маусымда "Қайрат" футбол клубынан бөлек тағы 3 команда негізгі кезеңге алғаш рет шығып отыр. Олар: Кипрлық Pafos, Норвегиялық Bodø/Glimt және Белгиялық Union Saint-Gilloise. Бұл клубтардың да билет құнын Қайраттың матчындағы билет бағасымен салыстырып көрдік.

  • Kairat: шамамен €46 – €390 еуро арасы;
  • Bodø/Glimt: 300 – 450 норвег кроны (≈ €26 – €39) арасы;
  • Union Saint-Gilloise: €32 – €112,5 еуро арасы;
  • Pafos: €20 – €330 еуро арасы.

Алғаш шыққан командалар арасындағы ең арзан билет €20 болса, ең қымбаты €330 еуро. Теңгеге шаққанда шамамен 13 000 мен 210 000 арасында болады. 

Билеттердің құнына қатысты UEFA-да қандай да бір талап бар ма?

Еуропа футбол қауымдастығының одағында клуб арасында билеттердің құнына қатысты нақты бір талап жоқ. Тек қонақ жанкүйерлерге, яғни қарсылас команданың қолдаушыларына арналған секторларда билет құны Чемпиондар лигасында €50 еуро, Еуропа лигасында €35 еуро және Конференция лигасында €20 еуродан аспау керек. Сол үшін де өз алаңында матч өткізетін команда стадион сыйымдылығының 5%-ын қарсылас команданың жанкүйерлеріне бөлуге тиіс. Яғни, UEFA ең бастысы – қонақ жанкүйерлер үшін билеттің қолжетімді болуын міндеттейді.

Factcheck.kz редакциясы "Қайрат»"футбол клубының қарсыластары арасындағы және жалпы кезеңге ең алғаш шыққан командалардың билет бағасына шолу жасады. Шолу барысында ең арзан билеттер 13 мыңнан (€20) басталса, ең қымбаты әрі VIP секторларда 378 мыңға (€590) дейін барады. Ал Қайраттың Алматыдағы ең алғашқы ойынының билет құны 30 000 – 250 000 теңге екенін ескерсек, Еуропадағы матчтардың бағасымен салыстырғанда көп айырмашылықты байқалмайды. Дегенмен әр елдің орташа жалақы мөлшері, жан басына шаққандағы ЖІӨ және өмір сүру деңгейінің әртүрлі екенін айта кеткеніміз жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:48

17:41

17:20

17:11

16:45

16:36

16:20

16:10

15:49

15:39

15:27

15:09

15:04

14:59

14:33

14:07

13:55

12:30

12:04

11:45

11:27

10:59

10:40

10:27

10:05