Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда полицияның идеологиясы талқыланды

Алматыда полицияның идеологиясы талқыланды

Барлығы 22.09.2025, 16:10 448
Алматыда полицияның идеологиясы талқыланды
Ішкі істер министрлігінің Алматыдағы академиясы

Алматыда ІІМ Мақан Есболатов атындағы Академияда "Қызметтік идеология: тәртіп, бірлік, тұтастық" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Бұл конференцияның ерекшелігі – полиция қызметімен тікелей байланысты түрлі сала мамандарының қатысуы болды. Атап айтқанда, журналистер, блогерлер, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер қозғалысының өкілдері, сондай-ақ халықпен күн сайын жұмыс істейтін полиция қызметкерлері бір ортаға жиналды. Олардың бәрі де бір мәселе – полициядағы идеология мен имидж төңірегінде ой қозғады.

Жиынға сондай-ақ ІІМ өкілдері, Полиция департаменттері мен ІІМ Алматы академиясының басшылары мен мамандары, қатысты.
Басты назар кәсіби этика мен полицияның болашақ бейнесін айқындайтын құндылықтарға аударылды. Мәселен, тәртіпті қалай қалыптастыруға болады, ортақ қызметтік рухты қалай дамыту қажет және қоғамға полицияның ашық әрі диалогқа дайын екендігін қалай жеткізу керек деген сұрақтар талқыланды.

Конференция барысында қызметтік жауапкершілік, азаматтармен өзара әрекеттестік, сондай-ақ полицияға деген сенімді қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қызу талқыланды.
 

Қатысушылардың айтуынша, бүгінгі полиция жабық күйде жұмыс істей алмайды, ашықтық пен тұрақты кері байланыс қажет.

Отырыста ІІМ өкілдері атап өткендей, министрлік ашықтық тәжірибесін белсенді дамытып келеді. Азаматтармен жүздеген кездесулер, түрлі жобалар, учаскелік пункттердің нығаюы, қоғамдық кеңестердің жұмысы, сервистік полиция орталықтарының ашылуы – мұның барлығы полицияның қоғамға жақындап, диалогқа дайын екенін көрсетеді. Бүгінде әр өңірде халықпен еркін пікір алмасуға арналған алаңдар жұмыс істеп тұр.

"Бүгінгі конференцияның маңызы зор. Өйткені мұнда жүйе мамандары да, қоғам өкілдері де, журналистер де бір залда бас қосты. Осындай ашық әңгіме бізге бір-бірімізді жақсырақ түсінуге және даму жолдарын бірге іздеуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанат Дильбарханова.

Жиын ресми баяндамалармен ғана шектелмей, тәжірибеден алынған нақты мысалдар мен ұсыныстарды талқылаумен ерекшеленді. Қатысушылардың пікірінше, осындай ашық алаңдар полиция мен қоғамның бір тілде сөйлесуіне және ортақ мақсат – қауіпсіздік пен сенімге бірге қадам басуына жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #идеология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

“Наурыз қазақтың мейрамы емес”. Полиция діни алауыздық тудырған ер адамға қылмыстық іс қозғады

Бүгін 16:06

Зеңгірге құлаш сермеген…

Бүгін 15:13

Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты: ол 5 жылға сотталды

Бүгін 15:07

Мұздатылған өнімдер экологияға қалай әсер етеді?

Бүгін 14:48

Алматыда өңірлік Травматология және ортопедия орталығы құрылады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика