Қазақстанда қандай аурулар мемлекет есебінен емделеді?

  • 10:40, 22 қыркүйек 2025
Қазақстанда қандай аурулар мемлекет есебінен емделеді? depositphotos.com

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Қазір мұндай тізімде 13 түрлі ауру бар. Бірақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбірі алып тасталуы мүмкін. Оның ішінде қант диабеті де бар.

Бұл өзгерістер "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі" заңға енгізілген түзетулерге байланысты қабылданып отыр. Енді әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімін Денсаулық сақтау министрлігі бекіреді.

Қазіргі тізім (2020 жылғы бұйрықпен бекітілген):

  • туберкулез,

  • АИТВ-инфекция,

  • созылмалы вирус гепатиттер және бауыр циррозы,

  • қатерлі ісіктер,

  • қант диабеті,

  • психикалық, мінез-құлық бұзылыстары,

  • церебрал сал ауруы,

  • миокард инфарктісі (алғашқы 6 айда),

  • ревматизм,

  • дәнекер тіндерінің жүйелі аурулары,

  • жүйке жүйесінің дегенератив сырқаттары,

  • орталық жүйке жүйесінің демиелинизирлеуші аурулары,

  • сирек (орфандық) аурулар.

Ал жаңа жылдан бастап бұл тізім өзгермек. Кодекске енгізілген толықтыруға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар аурулардың тұрақты бөлігі былай бекітілді:

  • туберкулез,

  • АИТВ-инфекция,

  • қатерлі ісіктер,

  • вирус гепатиттер мен бауыр циррозы,

  • психикалық және мінез-құлық бұзылыстары,

  • сирек аурулар,

  • жүйке жүйесінің дегенератив аурулары,

  • демиелинизирлеуші аурулар,

  • эпилепсия,

  • миокард инфарктісі (6 айға дейін),

  • инсульт (1 жылға дейін).

Осылайша, жаңа тізімнен 4 ауру алып тасталды: қант диабеті, церебрал сал ауруы, ревматизм және дәнекер тіндерінің жүйелі аурулары. Оның орнына инсульт пен эпилепсия енгізілді.

Бұл өзгерістің маңызы зор. Себебі аталған тізімге кірген науқастар мемлекеттен тегін дәрі-дәрмек пен ем алу құқығына ие. Ал егер ауру алып тасталса, онда дәріні өз қалтасынан сатып алуға тура келеді. Мысалы, қант диабеті бар адамдар үшін бұл - үлкен мәселе. Қазақстанда қазір жарты миллионнан аса адам осы диагнозбен тіркеуде тұр, ал инсулин мен басқа да дәрілер қымбат.

Әрине, егер ауру әлеуметтік маңызы бар тізімнен алынса да, пациентке дәрігер қабылдауы мен тексерулер тегін көрсетіледі – бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің аясында қалады. Бірақ дәрі-дәрмекке ақы төлеу – науқастың мойнында болады.

Маңыздысы – Кодексте көрсетілген аурулар тек "міндетті" бөлік. Денсаулық сақтау министрлігі қосымша ауруларды енгізе алады. Яғни қант диабеті де қайтадан тізімге қосылуы мүмкін. Бірақ бұл әзірге белгісіз.

Жаңа тізім 2026 жылдан бастап ресми түрде бекітіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:35

17:24

17:08

16:55

16:39

16:23

15:53

15:20

15:07

15:02

15:00

14:24

13:43

13:19

12:35

12:13

12:09

11:56

11:40

11:33

10:32

10:18

10:13

10:11

09:39