AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Көрші ел интернеттен толық бас тартуы мүмкін

Көрші ел интернеттен толық бас тартуы мүмкін

Әлем 22.09.2025, 11:45 478 Сұлу
Көрші ел интернеттен толық бас тартуы мүмкін
depositphotos.com

Камчатка билігі 25 қыркүйектен бастап бүкіл аймақты интернеттен толық ажырататынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Ресми себеп – "Ростелекомның" суасты талшықты-оптикалық желіні жөндеуі. Жұмыс 48 сағатқа жоспарланғанымен, ауа райына байланысты 29 қыркүйекке дейін созылуы мүмкін.

Тек негізгі нысандар – банктер, дүкендер, жедел қызметтер – уақытша спутник байланысқа көшеді. Билік тұрғындар азық-түліксіз қалмайтынын мәлімдеді. Осылайша Камчатка – Ресейде интернеттен толық ажыратылатын алғашқы аймақ болмақ.

The Moscow Times дерегінше, Ресейде мамырдан бері интернет шектеу жиілеп кеткен: мамырда – 69, маусымда – 662, шілдеде – 2 099, тамызда – 2 129 рет тіркелген. Қыркүйекте де күн сайын 60-70 аймақта мобильді интернет шектеліп жатыр.

Ресейдің цифрлық даму министрлігі "ақ тізім" енгізді: Яндекс, банктер, маркетплейстер, ресейлік әлеужелілер мен мемлекеттік сайттар қолжетімді болады. Бірақ тізім апта сайын өзгеріп отырады.

Халық қолма-қол ақша айналымына оралуға мәжбүр. Такси, жеткізу қызметтері, онлайн төлемдер істемей, адамдар Wi-Fi іздеп сенделіп жүр. Тіпті кей жерлерде SMS-хабарламалардың көлемі рекорд жаңартқан.

Сарапшылар мұны қауіпсіздік сылтауымен жасалған жоспарлы шара деп санайды. Ал кей депутаттар тіпті интернетті демалыс күндері тұрақты түрде өшіруді ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#камчатка #Ғаламтор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);