AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жол қауіпсіздігіне қатысты алаңдатарлық деректер ж...

Жол қауіпсіздігіне қатысты алаңдатарлық деректер жарияланды

Әлеумет 22.09.2025, 14:07 545 Bakyt
Жол қауіпсіздігіне қатысты алаңдатарлық деректер жарияланды
Сурет: kz24.news

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін тағы бір түйткіл – бұл жол қауіпсіздігі. Әрбір адам өз өміріне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты екенін сезінуге тиіс. Көлік жүргізу мәдениетін бүкіл қоғам болып қалыптастыру қажет», – деп атап өтті.

Қазіргі таңда елімізде жол қозғалысы ережелерін сақтау – аса өзекті мәселелердің бірі. Заманауи бейнебақылау жүйелерінің енгізілуі мен цифрлық технологиялардың дамуының арқасында құқық бұзушылықтарды анықтау деңгейі айтарлықтай артты. Соған қарамастан, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 8,5 миллионға жуықтап отыр. Оның 7 миллионнан астамы, яғни 84 пайызы көлік саласына тиесілі.

Билік өкілдерінің айтуынша, қайта жасалатын құқық бұзушылықтар – ерекше алаңдаушылық тудыруда. Жарты жылдың ішінде 1,5 миллионға жуық қайталама құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде 85 мың адам заңды үш немесе одан да көп мәрте бұзған. Бұл – көлік жүргізушілерінің заңға немқұрайлы қарайтынын көрсетеді.

Осыған орай Бас прокуратура төменгі тұрған прокурорлар мен Ішкі істер министрлігіне құқықтық тәртіп пен тәрбие жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берген. Жүйелі бұзушылықтармен күресте профилактикалық шаралардың рөлі маңызды екені айтылуда.

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан ең көп зардап шегушілердің қатарында балалар бар. 2025 жылдың алғашқы алты айында 5 500-ден астам бала жарақат алып, өкінішке қарай, 135 бала көз жұмған. Ведомство бұл қайғылы жағдайлардың басым бөлігі ата-аналардың салғырттығынан және балаларды қараусыз қалдыруынан туындайтынын ескертеді.

Мас күйінде көлік басқару – әлі де болса жол қауіпсіздігіне қатер төндіруде. 2025 жылдың алты айында 11 мыңнан астам жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 158-і жол апатына себепкер болып, 282 адам жарақат алып, 17 адам қайтыс болды. Бұл – тек сандық деректер ғана емес, артында қайғы-қасіретке толы адам тағдырлары тұрғанын ұмытпауымыз қажет.

Соңғы жылдары қала көшелерінде кеңінен қолданыла бастаған электросамокаттар да жол қозғалысы қауіпсіздігіне өз ықпалын тигізуде. 2025 жылдың басынан бері олардың қатысуымен 213 жол апаты тіркеліп, 224 адам жарақат алған. 42 жағдайда апатқа тікелей самокат жүргізушілерінің өздері кінәлі болған.

Мамандар электросамокаттар мен өзге де жеке қозғалыс құралдарына қатысты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін атап өтуде.

Бас прокуратура азаматтарға жолдағы қарапайым ережелерді қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады:

  • Жаяу жүргіншілер – тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтуі тиіс;
  • Жүргізушілер – жылдамдықты жол және ауа райы жағдайына қарай реттеп отыруы керек;
  • Ата-аналар – балаларын көлік қозғалысы бар аймақтарда қараусыз қалдырмауы қажет.

Атап айтқанда, ұзақ құрғақшылықтан кейін жауған жаңбыр асфальтта майлы қабат қалыптастырып, тежеу жолын ұзартады. Бұл – көліктің тоқтауына қосымша қиындық туғызып, апат қаупін арттырады.

Сонымен қатар, шаршау мен ұйқының қанбауы жүргізушінің реакциясын бәсеңдетіп, апаттың ықтималдығын күшейтеді. Прокуратура жүргізушілерге жолға шығар алдында демалыс алуды, ал жолаушыларға – жүргізушінің жағдайын бақылап отыруды ұсынады.

ҚР Азаматтық кодексінің 931-бабына сәйкес, жоғары қауіптілік көзі болып саналатын автокөлік иесі жол апатына тікелей кінәлі болмаса да, келген залал үшін материалдық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл ереже – жол қозғалысына қатысушылардың бәрінің де заң талаптарына мұқият болуын міндеттейді.

Бас прокуратура барша азаматтарды жолда заңды қатаң сақтауға, тәртіп пен жауапкершілікке, өзара сыйластық пен мәдениеттілікке шақырады. Жолдағы бір сәттік жауапсыздық – адам өміріне қайғылы соққы болуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #жол #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);